Басты бет Экономика Қаржы 1 қаңтардан бастап кедейлерге несие берілмейді

1 қаңтардан бастап кедейлерге несие берілмейді

Соңғы жылдары қатты қарқын алған тұтынушылық несиенің өсімі баяулай түсті. Кепілсіз тұтынушылық несие сегментіндегі қарыздың өсімі 2017 жылы 31%, ал 2018 жылы 28% құрады. Ал биылғы жылдың 10 айында қамтамасыз етілмеген тұтынушылық несие портфелінің өсімі небары 8% құрады. Осы мерзім ішінде қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 16 процентке өсті, бұл кепілсіз несиелер бойынша берешектің өсіміне қарағанда екі есе өсім. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Жеке тұлғаларды несиелеу нарығының мөлшері бойынша Қазақстан қарыз деңгейі төмен елдер тобына кіреді. Тұтынушылық несие портфелінің жалпы ішкі өнімге қатынасы шамамен 9,2% құрайды. Ресейде бұл көрсеткіш — 14,3%, Польшада — шамамен 30%, Германияда — 40%, АҚШ-та — 85% астам.

Азаматтардың шамадан тыс несие алуының алдын алу және тұтынушылық несиелеудің оңтайлы өсу қарқынын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк реттеуші шараларды жүзеге асыруда.

3 шілдеде ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын, микроқаржы қызметін және салық салуды реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, онда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап халыққа несие берумен айналысатын барлық заңды тұлғаларға қатысты реттеу мен қадағалау шараларын енгізу қарастырылған.

Осылайша, барлық несие беруші субъектілер реттелетін бір алаңда жұмыс істейді және қарыз алушыларды қорғау үшін қойылатын барлық талаптарды сақтайды. Мысалы, несие келісімінің талаптарын орындау, шекті пайыздық мөлшерлемеден ставканы асырмау, несиелік бюроларға ақпарат ұсыну қажеттілігі, қарыз ауыртпалығы коэффицентін сақтау және басқасы дегендей.

Сонымен бірге, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қарыз алушылардың борыштық жүктемесін есептеу тәсілдері өзгеріске ұшырайды. Мысалы, кірісі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға несие беруге тыйым салынды, сонымен қатар банктің өзіндік капиталына қатысты талаптар күшейтілді. Бұл талаптар банктердің қамтамасыз етілмеген қарыздар, әсіресе табысы аз азаматтар үшін кепілсіз несиені бермеуге мүдделі болуға итермелейді.

Сонымен қатар, заңнамалық актілерге 90 күн кешіктірілгеннен кейін жеке тұлғаларға барлық қамтамасыз етілмеген тұтынушылық қарыздар үшін тұрақсыздық айыбы мен алымдарды алуға тыйым салатын түзетулер әзірленді. Бұл қамтамасыз етілмеген тұтынушылық несие көлемінің өсуін шектейді.

Бұл түзетулер ҚР Парламенті Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджеттер аралық қатынастарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына енгізілген.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...