Басты бет Қоғам 1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия халық пен мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, елімізде шектеу шараларын төмендету бойынша қосымша шешімдер қабылдады, делінген ҚР Үкіметінің ресми сайтында.

2020 жылғы 1 маусымнан бастап:

1) Өңіраралық блок-бекеттер алынады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлер мен өңірлер әкімдіктерінің шешімі бойынша коронавирустың таралу ошағы бар аймақтарда жергілікті блок-бекеттер сақталуы мүмкін.

2) Қазақстанның облыс орталықтары мен ірі қалаларына темір жол тасымалдары, сондай-ақ өңіраралық автобус жолаушылар тасымалдары қайта жаңғыртылады.

Жолаушыларды тасымалдау қатаң түрде Денсаулық сақтау министрлігінің бекітілген санитарлық талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Теміржол және автовокзалдарда бекітілген талаптардың орындалуы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерінің бақылауында болады.

3) Финтес және SPA орталықтарының қызметі қайта жанданады;

4) Спорт және мәдениет объектілері көрерменсіз жұмыс істей бастайды.

5) Балалардың мектепке дейінгі мекемелерінің, қосымша білім беру ұйымдарының (бір топта 15 баладан көп емес), ғылыми-зерттеу институтарының және ғылыми орталықтардың жұмысы іске қосылады.

2020 жылдың 15 маусымынан бастап санитарлық талаптарды сақтаған жағдайда кинотеатрлардың жұмысы қайта қалпына келтірілетін болады.

Сонымен қатар бірқатар елдерде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын ескерумен, Ведомствоаралық комиссия мемлекеттік органдарға халықаралық әуе рейстерін кезең-кезеңмен жаңғырту мәселесін пысықтауды тапсырды (І кезең аясында Оңтүстік Кореямен, Қытай Халық Республикасымен, Әзербайжанмен; ІІ кезең аясында Біріккен Араб Әмірлігі, Германия, Түркия және Таиландпен).

Халықаралық әуе рейстерінің қайта ұшырыла бастайтын күні мемлекеттік шекаралардың ашылуына және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты анықталатын болады.

Бірқатар салалар мен объектілердің жұмысқа кірісуін ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия қазақстандықтар үшін аурудың алдын-алу шараларын қатаң сақтау қажеттілігін еске салады (маска кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, қарым-қатынасты азайту).

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Фото: primeminister.kz

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...

Ақтөбеде сәбилер еңбектеп жарысты

Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталды, деп жазады inbusiness.kz. Балаларды қорғау күніне Ақтөбеде ерекше шара өтті. Кішкентай бөбектер еңбектеуден жарысты. Шараға қатысуға тілек білдіргендер көп болды. Ал...

«Әл-Иттихад» Бенземаға 100 млн еуро жалақы ұсынған

Саудиялық "Әл-Иттихад" мадридітк "Реал" шабуылшысы Карим Бенземаның ұсынысқа жауап беруін күтіп отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, саудиялық клуб Бенземаға жылына 100...

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалитденов Қазақстан бітімгерлерін Украинға жіберілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін мәжіліс ҰҚШҰ күштері мен құрылымдарына қатысты бірнеше заңды қабылдады....

Елімізде 43 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде

Жаздың алғашқы күндері Қазақстанда ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Кейбір өңірлерде 35 градустан жоғары аптап ыстық болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына...