Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды.
«2020 жылғы 1 маусымнан бастап қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, кәсіподақтар федерациясының қонақүйлері мен сауықтыру санаторийлері және өңірлердегі курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары қызметін қайта бастайды», — деп жазылған премьер-министрдің ресми ақпарат ресурсында.
25 мамырдан бастап Атырау қаласымен ішкі әуе қатынасы жанданады.
Сондай-ақ, 1 маусымнан бастап кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасын іске қосуға байланысты теміржол вокзалдарының қызметі санитарлық нормаларға сәйкес ұйымдастырылады.
Қазақстан азаматтарын шет елдерден қайтару жұмысы жалғасады.
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Оқи отырыңыз:
- Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев
- Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)
- Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай—ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз