Басты бет Қоғам 1 сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақы көлемі қаншаға өсті

1 сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақы көлемі қаншаға өсті

Алматы қаласы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің бастығы Айдынжан Нарматов онлайн-брифинг барысында қайта индексациялау кезіндегі зейнетақы мен жәрдемақылардың жаңа мөлшері туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Басқарманың мәліметінше, Алматы қаласында ​​зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың жалпы саны (мүгедектігі бар баланы, асыраушысынан айрылу, көп балалы отбасылар, мүгедектер және басқалары үшін) — 589 177 адам, олардың 230 мыңы — зейнет жасына толғандар. Бүгінгі күні барлығының зейнетақысы мен жәрдемақысы жылдық есеппен 10%-ға көтеріледі.

Жасы бойынша және еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдерінің 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін алған көлемі 5 процетке 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап артады. 1 сәуірден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің және басқа да мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері күнкөріс деңгейінің өсуіне және айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюына байланысты өсті. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық әлеуметтік төлемдердің мөлшері 5%-ға өсті. Қазір олар тағы 5%-ға артты, сонда ол 10% құрайды, — деді ол.

Қайта есептеу жүргізіледі, зейнеткерлер мен жәрдемақы алушыларға МЗТО-ға барып, өтініш берудің қажеті жоқ.

Мамыр айында олар зейнетақы мен жәрдемақыларын көтерілген мөлшерде алады, сонымен бірге мамыр айында сәуір айындағы айырмасын да алады, бұл үшін басқа жерге жүгінудің қажеті жоқ, — деді ол.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақылардың көлемін жылдық есеппен 10% индекстеу туралы тапсырмасы болғанын еске саламыз.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Депутат қазақстандық бизнесті қолдауды сұрады

Еліміздің Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында депутат Мейрам Пішембаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемін бес жылда кем дегенде 1,5 есеге...

Мүфтият әйелдерді шешіндіріп емдейтін молдаға қатысты ресми мәлімдеме жасады

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы әлеуметтік желі бетінде әйелдерді шешіндіріп емдейтін молда туралы бейнежазбаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Мүфтияттың айтуынша, бұл оқиға...

«Халық қытай радиосын тыңдауға мәжбүр»: депутат 29 жылда шешілмеген мәселені көтерді

Қытай, Ресей мен Өзбекстанмен шекаралас жерлерде ақпараттық қауіпсіздік сақталмайды. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында бір топ депутат екі министрге сауал жолдап, осы проблеманы шешуді талап...

Қазақстандықтар карантинге қарамастан 600 той мен ас берген

Қазақстандық полицейлер карантинді өрескел бұзудың 15 мыңнан астам фактісін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Соның 600-і той мен ас беру жағдайлары. Бұл туралы ішкі істер...

Нұр-Сұлтанда бұрынғы әйелінен қашып жүрген ер адамға іздеу жарияланды

Астаналық әйел туған балаларын бір жылдан астам уақыт көре алмай жүр. Прокуратура органдары балаларды анасынан жасырған әкеге іздеу жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Нұр-Сұлтанның...

«Көрпеше төсеп жатқандай»: белгілі заңгер Түркістан облысындағы төселіп жатқан жолдардың сапасыз екенін айтып дабыл қақты

Біраздан бері өзінің Facebook парақшасы арқылы Оңтүстік өңірдің кемшіліктері мен шенеуніктердің былығын әшкерелеп келе жатқан белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек тағы бірнеше бейнежазба...

Былтырғы оқиға есіне түсіп кеткен: Көңілдесін ұрып өлтірген атбасарлық сотталды

Атбасарда көңілдесін ұрып өлтірген 35 жастағы ер адам 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам үйінде ішімдік ішіп...