Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
«Балалары бірінші сыныпқа баратын барлық ата-аналарға ескерткім келеді. Бір де бір мектеп бірінші сыныпқа баратын балалардан тест алуға құқығы жоқ. Олар бәрін бірдей қабылдауға міндетті. Егер мұндай жағдайлар болса, бізге хабарласыңыздар», — деді ол арнайы брифингте.
Алматыда баланы bilimalmaty.kz порталы арқылы мектепке тіркетуге болады. Ол үшін порталға ИИН арқылы тіркеліп, тұратын мекен-жайыңызды көрсетсеңіз болғаны.
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Оқи отырыңыз:
- Таразда кәсіпкерлердің әкімдікте айғайға басуы шенділерді әбден шошытты
- Болат Бақауов қызмет бабын туысының пайдасына жаратқан — сот
- ҰҚК арнайы операция өткізіп, бір-біріне қарсы екі қылмыстық топты құрықтады (фото, видео)
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз