Басты бет Қоғам "10 мың теңге төлейміз": Жас ұстаз қалай баспаналы болғанын айтып берді

«10 мың теңге төлейміз»: Жас ұстаз қалай баспаналы болғанын айтып берді

Өткен жылдың соңында Жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аясында астаналық 1050 жас маман баспаналы болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жұмыс істейтін жастарға арналған жекешелендіруге құқығы жоқ жалдамалы тұрғын үй бағдарламасымен екі бөлмелі 202, бір бөлмелі 848 пәтер берілген болатын, делінген қала әкімдігінің ресми сайтында.

«Тұрғын үй қоры» КММ мамандарының айтуынша, қаңтардың соңына дейін тізімде бар барлық азамат пәтер кілтін алады. Сондай-ақ, мекеме тарапынан бір күнде 50-ге жуық пәтер кілті табысталып жатыр. 25 жастағы елордалық жас ұстаз Қымбат Ақшал – пәтер кілтін әкім қолынан алған жандардың бірі. 

«24 желтоқсан күні салтанатты түрде кілт тапсырылып, 25 желтоқсанда жаңа үйімізге қоныстандық. Берілген үйіміз – екі бөлмелі, жалпы ауданы –  51 шаршы метр. Оның ішінде зал 19 шаршы метр болса, ас үй 10 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үй 24 қабатты, пәтеріміз 3-қабатта. Бір қабатта 7 пәтер орналасқан. Шынымды айтсам, тізімнен өз есімімді көргенде қатты қуандым, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», — дейді ол.

Қымбаттың отбасымен бірге елордаға қоныс аударғанына 6 жыл болған. Алғашқы 2 жыл туыстарының үйінде тұрса, қалған 4 жыл бойы жатақханадан пәтерді бірінші жылы 60 мың, одан кейінгі жылдары 40 мың теңгеге жалдап келген.

«Отбасымда 2 қызым бар, тұрмыс құрғанмын. Жұмыс өтілім – 5 жыл. Қазіргі уақытта №14 мектеп гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарамын. Елордаға Арқалық қаласынан 2014 жылы жұмыс бабымен қоныс аударып келген болатынбыз», — деп сөзін жалғады пәтер иесі.

Бағдарлама аясында жас ұстаз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі салымына айына 100 мың теңге аудару мүмкіндігі туғандығын айтты.

«Қазіргі кезде пәтерге коммуналдық қызметті қоспағанда 10 мың теңге төлейміз. Бұл жастарға берілген жақсы көмек. Енді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотымды айына 100 мың көлемінде толтырамын деген ойдамын», — деді ол.

Айта кетсек, бағдарлама бойынша пәтерлер жаңадан соғылған 24 қабатты 5 тұрғын үйден берілуде. Пәтерді жалдау құны коммуналдық қызметті қоспағанда айына 5 мың теңгеден 15 мың теңге аралығында болады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...