Басты бет Оқиға 10 жыл күткен нәресте жарық дүниені он күн ғана көріп, көз жұмды...

10 жыл күткен нәресте жарық дүниені он күн ғана көріп, көз жұмды – Алматы (видео)

Алматыдағы перзентханада 10 күн бұрын туылған шақалақ шетінеп кетті. Салмағы төрт келіден асып туылған шекесі торсықтай нәресте алғашында аман-есен үйіне шығарылған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

21 қаңтар күні жер қойнына тапсырылған шақалақ отбасындағы екінші бала. Алайда ата-анасы 10 жыл күткен нәресте жарық дүниені небәрі он күн ғана көрді. Қаңтардың 9-ы күні туылған сәби осыдан үш күн бұрын Алматыдағы перинаталды орталыққа жеткізілген. Алайда дәрігерлер баланың «құжаты жоқ» деп, бір жарым сағат бойы дәлізде күттіріп қойды дейді әкесі.

Илья Рогозин, баланың әкесі:

— №3 перзентханадағы перинаталды орталыққа әкелді. Біз баланың құжаттарын үйде ұмытып кетіппіз. Сондықтан мен оларды әкелгенше, бізді қабылдамады. Әйелім баланы ұстап дәлізде отырды. Тек сосын ғана ұлымды палатаға жатқызды. Бала ол кезде тоқтаусыз құсып жатқан.

Дәрігерлер шақалақтың «биллирубині көп, денесі сарғайған» деген диагноз қойған. Сол бойынша ем-дом жасағанымен, кішкентай Андрей құсуын қоймай, жансақтау бөлімінен бір-ақ шығады. Оны бірден жасанды демалту аппаратына таңыпты. Бірақ сәбиді ақ халаттылар ажал аузынан алып қала алмады. Ал шақалақтың әкесі «балам сарғаю синдромынан емес, сары ауруға қарсы салынған екпеден өлді» деп отыр.

Илья Рогозин, баланың әкесі:

— Перзентханада әйелім босанған бойда балаға гепатитке қарсы екпе жасады. Баламның өліміне осы вакцина себеп болды деп ойлаймын. Олар мүмкін екпенің мөлшерін арттырып жіберген шығар. Одан кейін баланың денесі сарғайып тұрса, перзентханадан шығаруға болмайды. Оны емдеу керек. 

Ал ақ халаттылар нәрестенің неден көз жұмғанын анықтауға арнайы комиссия құрылғанын жеткізді. Десе де, болжам бойынша бактериалды сепсис, яғни «қаны бұзылған» деген қорытынды шығарған. Сондықтан шақалақтың көз жұмуына «екпенің еш қатысы жоқ» дейді.

Әсел Бейсенбаева, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

— Баланың нақты неден көз жұмғаны гистологиялық зерттеу қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады. Бірақ екпеден көз жұмды дегенге келіспейміз. Он күн ішінде комиссияның қорытындысын алып, құзырлы органдарға тапсырамыз. Перзентханадағы бала өлімі қала басшысының қатаң бақылауында.

Ал он жыл күткен баласынан көз жазып қалған ата-ана ақ халаттыларды сотқа бермекші. Әлі де өзіне келе алмай есеңгіреп қалған Рогозиндер отбасы алдағы уақытта тиісті орындардың бәріне «шағым жазамыз» деп отыр.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...