Басты бет Экономика Қаржы 1000 теңгені тегін алуға болады: ол үшін не істеу керек?

1000 теңгені тегін алуға болады: ол үшін не істеу керек?

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті фискалды чек берілмегені туралы хабарлаған адамдарға 1000 теңге көлемінде сыйақы аударып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Осы жылдың 12 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында бақылау-кассалық машиналардың фискалды чектерін бермеу фактілерін анықтауға арналған пилоттық жоба қолға алынған болатын. Акция 30 қарашаға дейін жалғасады. Осы уақытқа дейін 52 адамға 1 000 теңге көлемінде сыйақы төленді. Ол ақша ұялы телефонның теңгерімі ретінде түседі. Ал 30 қыркүйектен бастап пилоттық жоба республиканың барлық аумағына таралады.

«Яғни, бүкіл Қазақстан аумағында чек бермеу фактісі туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы (ұялы телефон теңгерімін толтыру) беріледі», — дейді комитет мамандары.

Сыйақыны алу үшін сатушының фискалды чекті беруден бас тартқанын, дүкеннің атауы мен мекен-жайын, сондай-ақ, фискалды чек бермеген тұлғаны анықтауға мүмкіндік беретін басқа да мәліметтерді видеоға түсіріп, жіберу керек. Ал видеоматериалдарды Apple App Store және Google Play market қосымшаларынан тегін жүктеуге болатын «Wipon» ұялы қосымшасы арқылы жолдауға болады.

«Шағым жолдаған жағдайда қосымша өз тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын (болған жағдайда), ЖСН және байланыс телефонын көрсетіңіз. Бұл деректер заң бұзушылық фактісі расталған және фискалды чек бермеген тұлғаны жауапкершілікке тартқан жағдайда сыйақы төлеу үшін қажетті», — делінген ресми хабарламада.

Осы орайда комитет барлық азаматты өзінің азаматтық ұстанымын ашық білдіріп, фискалды чек бермей жүрген салық төлеушілерді анықтауға үндеп отыр.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...