Басты бет Қоғам Білім 13 университет тексеріліп, 5 университеттің лицензиясы тоқтатылды

13 университет тексеріліп, 5 университеттің лицензиясы тоқтатылды

Білім және ғылым министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарын тексеруде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазірге дейін бағалау жүйесінің тізбесіне енген 13 университет тексерілді. Олардың 5-інде бұған дейінгі ескертулер жойылмағандықтан, 5 университеттің лицензиясы бір айға тоқтатылды.

Сондай-ақ, 12 жоғары оқу орнына айыппұл салынып, 1 университет бойынша іс сотқа жіберілді.

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жазды:

— Жыл соңына дейін тағы 12 ЖОО бойынша бұрын берілген нұсқамалардың орындалуын тексеруді жоспарлап отырмыз. Бұзушылықтар қайта анықталған жағдайда, лицензиядан айыру және ЖОО жабу үшін құжаттар сотқа жіберіледі.

Қазіргі уақытта бізге, лицензия беретін орган ретінде, міндеттеріне жауапсыз қарайтын жоғары оқу орындарының лицензияларын өз тарапымыздан кері қайтарып алуға құқық беретін заң нормаларын енгізу жоспарлануда.

Бұл бастама мемлекет басшысы тарапынан қолдауға ие болды.

Қазіргі уақытта лицензияны қайтарып алу үшін сотқа жүгіну немесе қажет болған жағдайда барлық шағымдану процедурасынан өту керектігін естеріңізге саламын.

Оған қоса, Премьер-Министрдің өкіміне сәйкес Үкімет жанынан жоғары оқу орындарын оңтайландыру комиссиясы құрылды.

Бұдан бөлек, жоғары оқу орындарына қойылатын біліктілік талаптарын да күшейтудеміз. Әсіресе лицензияларында педагогтерді даярлауға арналған қосымшалары бар жоғары оқу орындарына қосымша талаптар дайындауда. Олардың саны — 85.

Бүгінде көп бейінді университеттің барлығы мұғалімдерді даярлайды. Алайда олардың сапасы сын көтермейтіндіктен, қойылатын талаптарды күшейту арқылы мұғалімдерді даярлайтын ЖОО санын 85-тен 20-25-ке дейін қысқарту жоспарланып отыр. Олар басқа бағыттар бойынша мамандар даярлай береді, ал педагогика бойынша лицензиялары қайтарылып алынуы мүмкін. Шамамен алғанда, әр аймақта мұғалімдерді даярлайтын 1 мықты ЖОО және Алматыда бірнеше оқу орны болмақ.

Нашар сабақ үлгерімі үшін оқудан шығарылғандардың бәрін қабылдай беру есебінен кейбір жоғары оқу орнына 100 адам түсіп, 800-ге жуық түлек бітіретінін атап өткім келеді.

Тағы бір жайт, биыл 37 мың студент таяу шетелдің ЖОО-да бір семестр немесе бір жыл оқыған соң қазақстандық шағын ЖОО-на ауысып келді. Ақпаратқа сүйенсек, ҰБТ сертификатының талап етілуін айналып өту үшін талапкерлер құжаттарын шетелдік ЖОО жіберіп, бір семестр немесе бір жылдан кейін виртуалды түрде қазақстандық университетке ауысып алатын тенденция да бар.

20-23 мыңға дейін студент оқитын және олардың көпшілігі, әдетте, сабаққа да бармайтын кейбір өңірлік жеке меншік ЖОО да бар.

Сондықтан да Министрлік осындай жағдайлар мен жауапкершілігі төмен ЖОО қатысты қатаң саясат жүргізуде.

Әлбетте, бұл шаралар барлығына бірдей ұнай бермейтіні анық.

Дегенмен, Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, Министрлік жоғары білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету саясатын одан әрі жалғастырады, — делінеді жазбада.

⤵️Достар!Бұған дейін хабарлағанымыздай, Білім және ғылым министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарын тексеруде….

Опубликовано Askhat Aimagambetov Воскресенье, 24 ноября 2019 г.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...