Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
14 жасқа дейінгі жас балалар ішкі рейстерде тегін ұша алады. Бұл жеңілдік бір отбасының ең көп дегенде төрт баласына жарамды, — деді ол.
«Хабар 24» мәліметі бойынша, сонымен бірге туристік аймақтардағы дәретханаларды ұстауға кететін шығынды да мемлекеттің субсидиялау жайы да айтылып жатыр. Жол бойындағы сервис нысандарын салуға қатысқан кәсіпкерлер бұл бағытқа жұмсалған қаражаттың төрттен бір бөлігін қайтара алады. Билік осындай шаралармен бұл саланы қолдағысы келеді.
2025 жылға қарай республикамыз 3 миллионға жуық шетелдік және 8 миллион отандық туристерді қабылдауы болжанады.
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Оқи отырыңыз:
- Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді
- Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен
- Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз