Басты бет Қоғам 1424 нөміріне хабарласып, қалай ақша алуға болады – қазақстандықтар білуі тиіс ақпарат

1424 нөміріне хабарласып, қалай ақша алуға болады – қазақстандықтар білуі тиіс ақпарат

Бүгінде жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарға қылмыстың ауырлығына қарай белгілі бір мөлшерде сыйақы беріледі. Мәселен, былтыр 1424 нөміріне қоңырау шалған 214 қазақстандыққа 31 миллион теңге төленген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров Call-орталықтың жұмысы мен жемқорларды қолға түсіруге атсалысқандарды ынталандыру тетігі туралы айтып берді.

Аты-жөнін айтпайтындар сыйақысыз қалады

Бегайдаровтың айтуынша, қазір агенттік тек өз жұмысымен шектелмей, қылмысты ашу кезінде белсенді азаматтардың көмегіне де сүйенеді. Бұл өте маңызды. Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Call-орталығы да осы мақсатпен ашылған. Нөмірі – 1424.

«Call-орталыққа әртүрлі шағымдар, ұсыныстар мен пікірлер түседі. Операторлар сыбайлас жемқорлық фактілері, оның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан заң бұзушылықтар жайлы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы хабарламаларға тәулік бойы ден қояды», — деді ол.

Мәселен, Түркістан облысының азаматы хабарласып, өзінен бәз біреулердің пара талап етіп жатқанын мәлімдейді. Агенттік Call-орталыққа түскен хабарламаны сол облыстағы қызметкерлерге жолдайды. Кейін агенттіктің Түркістан облысындағы қызметкерлері әлгі кісімен кездесіп, қажетті ақпаратты алады. Оның арыз-шағымын қабылдап, реестрге тіркейді. Содан соң қылмыстық іс қозғалады. Іс тергеліп, әрі қарай сотқа жолданады.

«Сот үкімі шыққаннан кейін, парақорлық туралы хабарлаған азаматқа қылмыстың ауырлығына қарай белгілі бір мөлшерде сыйақы төленеді. Егер Call-орталыққа қоңырау шалған адам аты-жөнін айтпаса, ақша төленбейді», — деді аға тергеуші.

Осы ретте Бегайдаров жемқорларды ұстауға көмектескендерге төленетін сыйақыны нақтылады:

  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК немесе 79 530 теңге;
  • жеңіл санаттағы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК немесе 106 040 теңге;
  • ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК немесе 132 550 теңге;
  • ауыр санаттағы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК немесе 185 570 теңге;
  • аса ауыр санаттағы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК немесе 265 100 теңге.

«Өткен жылдың он екі айында 214 қазақстандық сыйақы алды. Олар хабарлаған жемқорлық фактілері дәлелденіп, 31 811 080 теңге ақша төленді», — деді Бегайдаров.

Жемқорлық туралы хабарлағандардың ең көбі Түркістан облысы, Шымкент және Алматы облысынан екен. Ең аз қоңырау Солтүстік Қазақстан облысынан түсіпті.

Ақшалай сыйақымен қоса, белсенді азаматтарға марапаттау қағазы да беріледі.

«Негізінен жылдан-жылға орталыққа түсетін хабарламалар көбейіп келеді. Бұл азаматтардың өз жауапкершілігін сезініп, жемқорлықпен күреске немқұрайлы қарамайтынын көрсетеді», — дейді департамент тергеушісі.

Айтуынша, пара алатындардың дені – ішкі істер органдарының қызметкерлері. Бегайдаров мұны жалақының төмендігімен байланыстырып отыр.

Қазақстандықтар 10 млн теңге сыйақы алуы мүмкін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жемқорлық туралы хабар берген азаматтарды көбірек ынталандыруды көздеп отыр. Бұл бағыттағы жұмыс басталып та кеткен.

Атап айтсақ, агенттік халықаралық тәжірибені ескере отырып, қазақстандықтарды көтермелеудің сараланған жүйесін енгізбек.

«Пара немесе шығын сомасы 2,5 миллион теңгеден асатын қылмыстар бойынша жемқорлық туралы хабарлаған азаматқа сот үкімімен белгіленген пара немесе келтірілген залал сомасының 10%-ін төлеу ұсынылып отыр. Бірақ сыйақының шекті деңгейі 10 миллион теңгеден аспайды», — деп түсіндірді Бегайдаров.

Мәселен, жемқордың 3 миллион теңге пара алғаны дәлелденсе, осы қылмыс туралы агенттікке хабар берген адамға параның 10 проценті, яғни 300 000 теңгесі төленеді.

«Бұл қазақстандықтардың белсенділігін арттыру мақсатында жасалып отыр. Қазір бұл бастама бүкіл мемлекеттік органдармен келісілуде», — деді ол.

Сонымен қатар, жемқорлық туралы хабар берген азаматтардың құқығын қорғау мәселесі де агенттіктің назарында.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...