Басты бет Оқиға "15 минуттан соң жарылады": қарағандылық дәмханаға бомбамен келгенін айтты

«15 минуттан соң жарылады»: қарағандылық дәмханаға бомбамен келгенін айтты

Қарағандының 47 жастағы тұрғыны қаладағы дәмханалардың бірін жарғысы келетінін айтқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға жексенбі, 13 қазан күні болды.

«102-ге хабарласқан тұрғындар Ленин көшесіндегі дәмханалардың бірінде ер адам ғимаратты жарамын деп қорқытқанын айтты», — деп хабарлады Қарағанды полиция департаментінде.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетті. Олар ер адамның кім екенін анықтады. Тұрғын сөмкесіндегі бомба 15 минуттан соң жарылатынын айтқан.

Полицейлер ғимаратты қоршап, екі адамды қауіпсіз жерге шығарды.

Алайда сөмкені тексерген кезде жарылғыш зат табылмады. Бомбаның орнында ер адамның ескі киімі болған.

Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам облыстық психоневрологиялық диспансерге жатқызылды.

Оның кінәсі дәлелденсе, 5 мың айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл (12 миллион 625 мың теңге) немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...