Басты бет Оқиға Браконьерлер қолынан қаза тапқан инспектордың артында 4 баласы қалды

Браконьерлер қолынан қаза тапқан инспектордың артында 4 баласы қалды

23 шілдеде сағат 11.00 кезінде Ақмола облысы Жарқайың ауданында ақбөкен аулаған браконьерлерді қолға түсіреміз деп, нәтижесінде қылмыскерлердің оғынан «Охотзоопромның» инспекторының бірі қаза тапқанын  Neonomad.kz жазған болатын. 

Браконьерлер қолынан қаза тапқан инспектор Қаныш Нұртазиннің жасы 43-те екен. Оның артында 4 баласы қалды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Нұртазинов Қаныш Серікұлы 1976 жылы 24 қаңтарда дүниеге келген. Ол 2016 жылдың 5 қаңтарында «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК жұмысқа қабылданған. Оның отбасында жұбайы мен төрт баласы – үш қызы мен 2011 жылы туған ұлы қалды. Қаныш Ұлытау ауданы Қоскөл ауылында тұрды.

Қазіргі уақытта оның денесін туған жеріне жеткізу шаралары қарастырылып жатыр.  Екінші жараланған инспектор Самат Оспанова Державин қаласының аудандық ауруханасында ота жасалып жатыр, оған санавиация шақырылған.

Еске сала кетсек, бүгін «Охотзоопром» инспекторлары рейд кезінде ақбөкеннің ауланғанын анықтап, «Нива» көлігін мінген браконьерлердің соңына түседі. Аталған көліктің мемлекеттік нөмірі қандай екені әзірге белгісіз. Тек Қостанай облысында тіркелген деген ақпарат бар.

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...