Басты бет Спорт Футбол "200 млн": Криштиану Роналду әлемдік рекордқа қол жеткізді

«200 млн»: Криштиану Роналду әлемдік рекордқа қол жеткізді

Туриндік «Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram әлеуметтік желісінде 200 миллион оқырман жинаған әлемдегі тұңғыш адам атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Қуанышты жаңалықты әлемнің үздік ойыншыларының бірі ресми парақшасында бөлісті.

«Керемет 200 миллион! Қуанышты күнде менімен бөліскеніңіз үшін әрқайсыңызға алғысым шексіз», — деп жазды Криштиану Роналду.

«Ювентус» шабуылшысының «желідегі қарсыласы» әнші Ариана Гранде оқырманы жөнінде екінші орында тұр. Өнер иесіне 173 миллион фолловер тіркелген.

Ал атақты актер Дуэйн Джонсты 170 миллион адам оқиды.

Одан бөлек, Криштиану Роналду өткен маусымда дүниежүзі бойынша Instagram желісі арқылы ең көп пайда тапқан адам атанған.

Футболшы 2019-да 34 жарнамалық жазба жариялады.

Осы қызметі арқылы «Ювентус» шабуылшысы демеушілерінен 38,2 миллион фунт алған (19,8 млрд теңге).

Демек оның Instagram желісіндегі бір жазбасы 780 000 фунт тұрады (391,7 млн теңге).

Футболшы көп жарнама жасаған брендтердің қатарында Nike, CR7 Play it Cool әтірі бар.

Айта кетейік, Роналду әлемдегі ең ауқатты спортшылардың қатарында.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, оның қазіргі уақыттағы байлығы 300 миллион еуродан асады.

Осыған дейін БАҚ беттерінде футболшының байлығын сүйіктісіне мұра етіп қалдыратыны жайлы ақпарат та тараған болатын.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...