Басты бет Экономика 2019 жылы «ҚазАгро» Холдингі Қазақстанның АӨК дамытуға 477 млрд. теңгеден астам қаражат...

2019 жылы «ҚазАгро» Холдингі Қазақстанның АӨК дамытуға 477 млрд. теңгеден астам қаражат бағыттады

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің қаржы институттары арқылы еліміздің агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру көлемдері жыл сайын артуда, деп хабарлайды Qaz.MediaWorld.kz «ҚазАгро» Холдингі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың өзінде «ҚазАгро» холдингі АӨК субъектілерін 477 млрд. астам теңгеге қаржыландырды, соның ішінде ауыл шаруашлығын несиелеуге және ауыл шаруашылық техникасының лизингіне 448 млрд. астам теңге және бидай сатып алуға 29 млрд. теңгеге жуық қаражат бағытталды (2018 жылы қаржыландыру көлемі 400 млрд. теңгені құрады, соның ішінде 385 млрд.теңге несие мен лизингке, 15 млрд. теңге бидай сатып алуға бағытталды).

«ҚазАгро» Холдингінің несиелік портфелі 886 млрд. теңге көрсеткішіне жетіп, қарыз алушылар саны 77 мыңға дейін өсті. 97 пайыздан астам үлесі шағын және орта бизнес өкілдері болып табылады. Ұлттық холдингтің қаржылық қолдауының арқасында өткен жылы 37 мың ауыл тұрғандары жұмыспен қамтылып, жаңа жұмыс орындарына ие болды, — бұл туралы «ҚазАгро» Холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылы жалпы құны 84 млрд. теңгені құрайтын 56 инвестициялық жоба қаржыландырылды, соның ішінде 21 млрд. теңге сомасына 24 жоба іске қосылды, 770 жұмыс орындары құрылды. 2020 жылы 56 млрд. теңге сомасына 31 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып, оның есесіне 3 мың жұмыс орындары құрылатыны туралы атап өткен жөн. Қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау жалғасуда.

«ҚазАгро» Холдингі өз қызметін реформалау мен тиімділігін арттыруға бағытталған шараларын жүзеге асыруда. Холдинг корпоративтік басқару сапасын арттыру мақсатында еншілес компаниялар санын қысқарту шеңберінде «ҚазАгроКепіл» АҚ-н «Ауыл шаурашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на қосу, «ҚазАгроӨнім» АҚ-н «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на қосу және «Қазагромаркетинг» АҚ тарату жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар 2020 жылы «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ өз қызметін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамында жалғастыратыны туралы шешім қабылданды. Осылайша Холдингтің құрылымында 3 арнайы қаржыландырушы компаниялар қалатын болады:

  • «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ — АӨК субъектілерін несиелендіру, несие серіктестерін, микроқаржы ұйымдарын, екінші деңгейлі банктер мен лизингтік компанияларды қорландырумен айналысады.
  • «Ауыл шаурашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – шағын бизнесті микроқаржыландыру, қарыздарды кепілдендіру, АӨК сақтандыру жүйесіне қатысу.
  • «ҚазАгроҚаржы» АҚ – ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының лизингі.

Еске салайық, өткен жылы «ҚазАгро» Холдингі сыртқы валюталық борыштарын толығымен өтеп, 2020 жылдың қорытындысы бойынша пайдаға шығу мақсатында трансформация бағдарламасын қабылдаған болатын.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...