Басты бет Қоғам 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап жәбірленушілерге өтемақы төленеді

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап жәбірленушілерге өтемақы төленеді

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап жәбірленушілерге өтемақы төленеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Мемлекеттік өтемақылар қылмыстан зардап шеккен адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың қолданыстағы тиімді тетігі болып саналады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

«2018 жылы «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заңның қабылдануымен елімізде қылмыстан материалдық зардап шеккен, алайда қылмыстың ашылмауы немесе қылмыскердің соттан жасырынуы себепті өтемақыны өндіріп алуға мүмкіндігі жоқ адамдарға шұғыл қажетті көмек көрсетуге арналған институт құрылды», — деп жазылған хабарламада. 

Жәбірленушілерге қордан өтемақы төлеу өндіріп алушыға қатысты жасалған құқық бұзушылықтың санатына қарай 30-дан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін бір реттік төлем түрінде 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап іске асырылады.

Адам жәбірленуші деп танылған күннен бастап 3 жылдың ішінде қылмыстық қудалау міндетін атқаратын мемлекеттік органға өзіне өтемақы тағайындау туралы өтініш жасауға құқылы.

Өтемақы сексуалдық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған  кәмелетке толмағандарға, адам саудасымен және азаптаумен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілерге, қылмыс салдарынан денсаулығына ауыр зиян келтірілген не АИТВ/ЖИТС жұқтырған адамдарға, Қылмыстық кодекстің баптары бойынша жәбірленуші қайтыс болған жағдайда жәбірленуші құқықтары берілген адамдарға беріледі.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...