2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде рәсімдей беретін болады

27
Фото: pixabay.com

2020 жылғы қаңтарда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі түбегейлі жаңа сервис — видеобанкингті іске қосқан еді, деп хабарлайды zakon.kz.

Клиент оның көмегімен банк менеджерімен бейне байланыс арқылы байланысып, қашықтан кеңес ала алады. Бұл туралы PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

Л. Ибрагимованың айтуынша, төтенше жағдай режимі басталғаннан бері Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің алдында онлайн-режимде қызмет көрсетуді жалғастыру міндеті тұр.

«Біз Қазақстанның барлық іскерлік белсенділігі соқтығысқан проблемаларға тап болдық. Наурыз айының соңында, карантиндік шаралар қабылданады деп жарияланған кезде және кейбір қалалардың санитарлық дәрігерлері біздің филиалдарымызға жұмыс істеуге тыйым салған кезде біз кейбір функцияларды онлайн режимге көшірдік», — деді ол.

Оның айтуынша, клиент өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасының көмегімен өтінімге қол қояды, ал банк өз кезегінде оның төлем қабілеттілігін Бірінші кредиттік бюроның, зейнетақы қорының деректері бойынша бағалайды және соңында берілуі мүмкін ең жоғары соманы көрсете отырып, сертификат береді.

«Біз бұл онлайн-сервисті кепіл шартын ресімдеуге, меншік құқығын ресімдеуге дейін енгізгіміз келеді. Үйден шықпай-ақ, ипотека алу мүмкіндігін қарастырамыз. Бұл үлкен міндет. Менің ойымша, жыл соңына дейін заңнамалық бастамаларды тағы да талқылаймыз. Келесі жылдың басында, Отбасы банкі болатын уақытта, біз оны толығымен енгіземіз», — деп хабарлады ТҚЖБ басқарма төрайымы Л. Ибрагимова.

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз