Басты бет Экономика Бизнес Тоқаевтың туфлиі қымбат па?

Тоқаевтың туфлиі қымбат па?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттерде алматылық фабрикадан туфли алғанын жазды. Президент мұны отандық өнімді қолдау үшін жасаған.

Мұнымен қоса, ел басшысы халықтың белгілі бір кәсіпке дағдалану керектігін атап өтті.

«Айқын» қарапайым еңбек адамдарын үнемі насихаттайды. Жақында етік тігетін жас кәсіпкер туралы жақсы сұхбат жарияланды. Отандық өнімді қолдау мақсатында мен де бір аяқ киімін сатып алдым. Адал еңбек етіп, нақты кәсіппен айналысуға деген көзқарас орнығуы тиіс», — деп жазды президент Твиттерде.

Shoes Republic фабрикасының ресми сайтында аяқ киімдердің үлгісі берілген. Мекеме басшысы Дәурен Раманқұл «Айқын» басылымына берген сұхбатында аяқ киім тігуге шикізатты Түркиядан алатынын атап өтті. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев алған аяқ киімнің бағасы – 21 мың теңге.

«Қазақстан президенті алған аяқ киімнің өлшемі – 43. Ал оның бағасы – 21 мың теңге. Туфлиді Қазпошта арқылы жібердік», — деді компания басшысы Дәурен Раманқұл телефон арқылы MediaWorld.kz-ке.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың аяқ киімінің бағасы қымбат не арзан екенін оқырман өздері анықтар.

Мемлекет басшысы ресейлік журналист Алексей Пивоваровқа берген сұқбатында Қазақстанда тігілген галстуктарды тағатынын және ол кезде де отандық өнімді қолдаудың маңызды екенін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар

«Астана» — «Манчестер Юнайтед» ойынының билеттері сатылымға шықты

«Астана» - «Манчестер Юнайтед» ойынының билеттері сатылымға шықты, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Бағасы 4 мың мен 55 мың теңге аралығында. Оны «Астана» футбол клубының ресми...

Сарыағаш ауданының тұрғыны оқушы ұлының зорланғандығын дәлелдей алмай жүр (видео)

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны оқушы ұлының зорланғандығын дәлелдей алмай жүр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:  - Жасөспірім зорлыққа ұшырады деген оқиға Жылға ауылындағы...

Мұнайлыдағы перинаталдық орталықта сәбидің мұрны түсіп қалды (видео)

Емдеймін деп мұрынсыз қалдырды! Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы перинаталдық орталықта арнайы аппаратқа қосылған сәбидің мұрны бір түн ішінде шіріп түсіп қалды, деп хабарлайды КТК...

Назарбаев «Самұрық-Қазына» туралы: мұның бәрі Қазақстан халқына тиесілі

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстан халқына тиесілі екенін азаматтар түсінуі керек. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш президенті қорды басқару жөніндегі кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды...

«Біздің облыстың патриоты емессіздер»: Бақауов сұраққа нақты жауап бермеді

Павлодар облысының әкімі үшін ең күрделі рейтинг – президент әкімшілігінің беретін бағасы. Бұл туралы Болат Бақауов Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Sputnik...

Ақтөбе облысында бір үйір киік суға батып кетті

Жайылымда жүрген жануарлар Ырғыз ауданының аумағындағы Телғара өзенінің үстінен өткен, деп хабарлайды «Хабар 24». Алайда мұз ойылып, 33 бас су түбіне кетіпті. Қорықшылардың айтуынша, батып...

«Ауыл тұрғындары қиналып жүр»: Тоқаев Көкшетауда үлкен жиын өткізіп жатыр

Ақмола облысында ауыл тұрғындары мал жаятын жер таппай қиналып жүр, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев облысты дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. "Облыстағы...