Басты бет Саясат Үкімет 21 мың теңге неге төленбей қалды: атаулы әлеуметтік көмек енді қалай есептеледі?

21 мың теңге неге төленбей қалды: атаулы әлеуметтік көмек енді қалай есептеледі?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек қалай есептелетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өткен жылдың сәуірінен бастап желтоқсан айына дейін атаулы әлеуметтік көмек әрбір балаға 21 мың теңге шамасында төленіп келді. Жаңа жылдан бастап әлеуметтік көмекті төлеу шарттары өзгерді. Енді атаулы көмек кедейлік шегі мен отбасының жан басына шаққандағы табысының айырмашылығы мөлшерінде төленеді.

«Сәуір айынан бастап әр балаға атаулы әлеуметтік көмек кедейлік шегінің толық мөлшері ретінде төленіп тұрса, қазір ол бұрынғы форматына қайта оралды. Енді кедейлік шегі мен отбасының жан басына шаққандағы табысының айырмашылығы ретінде төленеді. Әрбір балаға кепілдендірілген 21 мың теңге осы жылдың басынан бастап төленбейді», — деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің бас сарапшысы Нұрсәуле Елеуова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Айуынша, кедейлік шегінің мөлшері әрбір өңірде әртүрлі, тоқсан сайын жаңартылып тұрады.

«Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 проценті қазір кедейлік шегі болып саналады. Бұл кедейлік шегі әрбір өңірде ерекше. Азық-түліктің бағасына қарай қалыптастырылады. Қазақстанда қазір күнкөріс деңгейінің мөлшері 30 432 теңге. Оның 70 проценті 21 302 теңге, яғни кедейлік шегі», — деп түсіндірді сарапшы.

Мәселен, бес бала тәрбиелеп отырған тұрмысы төмен отбасыны алайық. Жанұяда отағасы ғана жұмыс істейді, жалақысы 100 мың теңге делік.

Отбасының жан басына шаққандағы табысын білу үшін осы 100 мыңды 7 адамға бөлеміз. Әрбіріне шамамен 14 мың теңгеден келіп тұр. Атаулы әлеуметтік көмекті есептеу үшін 21 мыңнан (кедейлік шегі) 14 мыңды шегереміз. Әрбіріне 7 мыңнан келеді.

Сонда бұл отбасы ай сайын 49 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек алып тұрады.

«Оның үстіне биылдан бастап барлық көпбалалы отбасыға табысына қарамастан жаңа жәрдемақы төленеді», — деп атап өтті Елеуова.

Жәрдемақы ай сайын әрбір баланың санына қарай төленеді.

Оның мөлшері:

  • 4 балаға – 42 496 теңге;
  • 5 балаға – 53 127 теңге;
  • 6 балаға – 63 757 теңге;
  • 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.

Жоғарыда мысал ретінде келтірген бес балалы отбасы атаулы әлеуметтік көмектен бөлек ай сайын 53 127 теңге алып тұрады. Отағасының 100 мың теңге жалақысы да бар. Барлығын есептей келе, бұл жанұяның ай сайынғы табысы 200 мың теңгеге жақын.

Айта кетерлігі, көпбалалы отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы атаулы әлеуметтік көмекті есептеу кезінде табыс көзі ретінде саналады.

Сарапшының айтуынша, жаңа жылдан бастап егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі мемлекет ұсынған жұмыстан бас тартса, атаулы әлеуметтік көмек бүкіл отбасыға тоқтатылады.

Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтылады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...