Басты бет Саясат Қазақстандық дипломаттар Аргентинаға оқуға барады

Қазақстандық дипломаттар Аргентинаға оқуға барады

Қазақстан мен Аргентинаның дипломатиялық академиялары дипломаттарды даярлау аясында өзара әрекеттесуге келісті, деп хабарлайды MediaWorld.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Нұрлан Сейтімов Буэнос-Айрес қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Аргентина сыртқы істер министрінің орынбасары Эрнесто Альберто Гаспари және Аргентина Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық қызмет институтының (ISEN) директоры Фернандо Энрике Петрелламен кездесті.

Қазақстан мен Аргентина арасындағы түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықтың белсенді дамуын атап өтіп, қазақстандық дипломат еліміздің сыртқы саясатының экономикалануы, шетелдік инвестициялар тарту мен экспортты ілгерілетудегі Сыртқы істер министрілігі мен шет елдердегі мекемелерінің рөлі туралы хабарлады. Еліміздің дипломатиялық қызметін жетілдеру өзектілігін атап өтіп, ол дипломатиялық кадрларды даярлаудағы Аргентинаның тәжірибесімен танысуға қызығушылық білдірді.

mfa.gov.kz

Эрнесто Альберто Гаспари қазақстандық әріптесіне сапармен келгені үшін алғыс білдірді және аргентиналық тарап екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендігін мәлімдеді. Тараптар сыртқы істер ведомстволары мен дипломатиялық академиялардың қызметтерін басқару мәселелері бойынша ақпарат пен пікір алмасты.

Кездесу нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты мен Аргентина Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық қызмет институты арасында дипломаттарды даярлау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Аргентинаның дипломатиялық академиясының басшысы Фернандо Энрике Петрелла қазақстандық дипломаттарды осы жылдың күзгі мерзіміндегі оқу курстарына қатысуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...