Басты бет Қоғам Денсаулық «Сау жүрек»: елордада велошеру өтеді

«Сау жүрек»: елордада велошеру өтеді

Елордада «Сау жүрек айлығы» жылсайынғы қайырымдылық велошеруі өтеді, деп хабарлайды MediaWorld.kz   қалалық мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 тамызда сағат 19:30-да елордада «Сау жүрек айлығы» жылсайынғы қайырымдылық велошеруі өтеді.

Қазақстанда донорлық жүректі бірінші рет трансплантациялаудың жеті жылдығына арналған шара аясында қайырымдылық велошеруі мен MOLDANAZAR тобының концерті ұйымдастырылады.

Шеруге қатысушылар Керей-Жәнібек хандар көшесімен және Тұран даңғылымен жүріп өтеді. Ұзындығы 12 шақырымды құрайтын маршрут Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының тұрағынан (Тұран даңғ., 38) басталып, Тұран даңғылымен «Астана жұлдыздары» монументіне дейін (Қабанбай батыр даңғылындағы айналма жол) жалғасады. Қатысушылар осы жерден кері бұрылып, Тұран даңғылымен Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына дейін жүреді. Мәреде бағалы сыйлықтар ұтысы ұйымдастырылады, ал жиналған қаржы кардиохирургия саласындағы білім мен ғылымды дамытуға бағытталады. Қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында велошеру барысында аталған көшелерде көлік қозғалысы жартылай шектеледі.

Айта кетейік, қашықтықты бағындыруға 60 минут уақыт беріледі.

Велошеруге 16 жастан асқандардың барлығы қатыса алады, ол үшін «Жүрек орталығы» корпоративтік қорының www.hcenter.kz сайтында тіркелу керек. Тіркелу құны — 5000 тг. Бірінші болып тіркелген 300 қатысушыға қордың фирмалық белгісі бар заттардан сыйлықтар табысталады.

Шараға донорлық жүрек салынған пациенттер мен осы бірегей операцияларды жасаған дәрігер Юрий Пя бастаған мамандар да атсалысады.

«Сау жүрек айлығы» қайырымдылық шарасының басты ұйымдастырушысы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ бастамасымен құрылған «Жүрек орталығы» корпоративтік қоры. «Жүрек орталығы» қоры – клиникада ғылыми және білім беру қызметін дамыту және жалпы, Қазақстан бойынша кардиохирургиялық қызметті жетілдіру мақсатында құрылған еліміздегі осындай алғашқы және жалғыз қор. Шараны өткізу орны — Тұран даңғылы, 38, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ тұрағы.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...