Басты бет Қоғам Шоу-бизнес "Астана Балет" Өзбекстан Үлкен театрының сахнасында алғаш рет өнер көрсетеді

«Астана Балет» Өзбекстан Үлкен театрының сахнасында алғаш рет өнер көрсетеді

«Өзбекстандағы Қазақстан жылының» аясында танымал қазақстандық ұжымның әртістері өздерінің үздік қойылымдары мен спектакльдерін тарту етпек, деп хабарлайды MediaWorld.kz.

22 тамызда Ә.Навои атындағы Өздекстан Үлкен театрының сахнасында «Ұлы Дала мұрасы» бағдарламасы мен «A Fuego Lento» бір актілі балеті көрсетіледі. Ал, тамыздың 24 мен 25 күндері А.Меликовтың «Махаббат туралы аңыз» атты әйгілі шығармасы көрсетіледі.

Ташкент қаласына алғашқы гастролін «Астана Балет» Театры » Ұлы Дала мұрасы» бағдарламасымен ашпақшы. Театрымызды әйгілеп тұратын осы концерттік бағдарлама Қазақстан, Еуропа мен Американың ірі қалаларында көрермен ықыласына бөленген болатын. Себебі, мұнда ұлттық бояуы қанық халық биі ұлттық костюмдер мен музыкалық сүйемелдеумен үйлесім тапқан. Бұл дивертисмент Ұлы Даланың жылнамасына арналған, түрлі стильде жасалған хореографиялық миниатюралардан құралған.

Хореография салтанатының шымылдығын «A Fuego Lento» бір актілі балеті жабады. Неоклассика мәнерінде жасалған спектакльді Бразилядан шақырылған хореограф Рикардо Амаранте қойған. Бұл балет – бразилиялық самбо мен танго мәнеріндегі би ғажайыбы. Бұл қойылымды көрермендер де, балет әртістері де өте ұнатады. Себебі, мұнда құштарлық сезімі, орындаушылықтың зор шыңы көрініс тапқан.

Гастрольдің қалған күндері аңызға айналған «Махаббат туралы аңыз» балеті көрсетілмек. Үш көріністен тұратын балет бастапқыда Мариин театрында көрсетіліп, соңынан Үлкен театр сахнасына ауысты. Қоюшы-хореограф Юрий Григорович. «Астана Балет» театрының сахнасына лайықтап, спектакльдің бүге-шүгесіне дейін, мейлінше дәл қойған Юрий Григоровичтің ассистенттері – Руслан Пронин мен Оксана Цветницкая. Бір кездері Үлкен театр салисттері болған олар, осы күні әйгілі балетмейстердің туындыларын Ресей, Корея, Қытая, Германия мен Бельгияның әйгілі сахналарына лайықтап келеді.

Сюжет негізі – ежелгі парсы аңызы. Апалы-сіңілілі Мехменэ Бану мен Шырын сарай суретшісі Фархатқа ғашық болып қалады. Бозбаланың көңілі Шырынға ауып, Мехменэ Банумен арадағы қатынасы мүмкін болмайды. Себебі, бір кездері патшайым, сырқатқа шалдыққан сіңілісін аман алып қалу үшін сұлулығын тәрк еткен. Сарайдан қашып кеткен ғашықтарды сарбаздар қолға түсіреді. Фархат болса, халқының амандығы үшін махаббатынан бас тартады.

Кордебалеттің орасан сахналары мен төрт бас кейіпкердің эмоционалды монологтарын орындаған «Астана балет» театрының әртістері осы танымал туындыға өз нақышын, өз бояуын сіңіріп, спектакльді жаңа қырынан ашады. Әуелеп секіру мен өзге де би элементтері адам мүмкіндігінің шегінде жасалғандай әсер қалдырады.

«Астана Балет» театры 2012 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. 2013 жылдың шілде айында алғашқы қойылым көрсетіліп, бес жыл ішінде, театр өз еліміз бен шет елдерде ынтызар көрермен қатарын молайтты. Классикалық мұраның жауһарлары мен заманауи балет өнерін ұштастыра отырып, Театр ұлттық бидің де тың тынысын ашқандай. Астаналық ұжым Ресей, Қытай, АҚШ, Әзербайжан, Франция, Италия, Белоруссия, Бельгия, Жапония мен Польшаның әйгілі театрларында өнер көрсеткен.

«Астана Балет» театры өз елімізбен қатар, Ресей, Қытай, АҚШ, Әзербайжан, Франция, Италия, Белоруссия, Бельгия, Жапония мен Польша сынды елдердің айтулы сахналарында бағдарламаларын паш етіп, көрермен көзайымына айналған.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Қаза оразаны өтеу: 1700 теңгені кімдер береді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы қаза оразаны өтей алмаған жағдайда не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан...

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ – Қытай ғалымдары

Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан. Мамандар Ухань базарындағы...

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...