Басты бет Спорт Tour of Almaty-2019: велододаны Eurosport арнасы көрсетеді

Tour of Almaty-2019: велододаны Eurosport арнасы көрсетеді

Tour of Almaty – Орта Азиядағы ең ірі велодода. Өзінің аз ғана тарихында спортшылар мен жанкүйерлер жүрегін жаулап үлгергені анық. Жарыстың жыл сайынғы финалын 60 млн көрермені бар «Еуроспорт» арнасы көрсетеді. Осының арқасында миллиондаған көрермен Қазақстанның ең әдемі қаласын көріп, оның мәдени-тарихи келбетін де байқай алады, деп хабарлайды MediaWorld.kz.

Пелетонмен бірге оянып, қаланың әсем көшелерін тамашалап болып, артынша аты аңызға айналған «Медеу» мұз айдынына көтеріліп кетсе де болады.

Үшінші жыл қатарынан халықаралық кәсіпқой веложарыс екі күндік болып өткелі жатыр. UCI2.1 санаты жыл сайын жарысты жоғарылата беруге мүмкіндік береді. Бір күндік сайыстың көбейгені көрермен тарапынан да қызығушылық тудыртты. Енді спринтерлер де, тауға өрмелегіш шабандоздар да келе бастады.

Биылғы жарыстың бірі ерекшелігі бірінші кезең бір жерден бастау алып, сол жерге барып аяқтадлады. Ол көпфункционалды «Алматы Арена» мұз айдыны. Биыл Tour of Almaty жарысы қаланың маңызды көшелеріне тиіспей, индустриалды аймақтағы 6 шақырым жерде өтеді. 30 тамыз күні басталатын жарыстың бірінші кезеңі 118 шақырымға созылады.

«Бірінші кезеңдегі жазық жол мен екінші кезеңдегі таулы аймақ жарысты әмбебап қылады. Көптеген командалар келеді, барлығының да жеңіске жетуге мүмкіндігі бар. Бірінші кезеңде «спринтерлер» жеңіске жететін шығар, ал екіншісінде таулы аймаққа бейімделгендер оза шабуы тиіс. «Медеуді» бағындыру да оңай болмайын деп тұр. Сондықтан мен осы жолы жарысқа тағы да қатысамын деп шештім», — деді Astana Pro Team командасының шабандозы, соңғы «Тур де Франста» үздік нәтиже көрсеткен, Tour of Almaty жарысының тқрт дүркін жеңімпазы Алексей Луценко.

31 тамыз, екінші кезең, Tour of Almaty өзінің үйреншікті бағыт-бағдарына қайта оралады. 160 шақырымдық кезең өзінің «Road to Medeu» деген есімін алды. Бұл кезеңді бағындыру үшін жоғары деңгейдегі таулы аймақтың шебері болуыңыз қажет. Өткен жылдары бұл жерде даниялық Якоб Фульсанг, испаниялық Луис Леон Санчес секілді шабандоздар жеңіске жетті. Олар әлемге Astana Pro Team сапында өнер көрсетіп танымал болғандар. Себебі аталған шабандоздар «Джиро д’Италия», «Тур де Франс» және «Вуэльта Испания» додаларында жүлде алғандар.

Дәстүр бойынша бұл жарыста шабандоздар Шығыс айналма жолы мен әл-Фараби даңғылына келеді. Осы жерде олар 4,5 айналым жүрген соң «Медеуге» қарай бет алады. Бұл бағыт бекерден бекер таңдалмады. Себебі, қазақстанның көптеген кәсіпқой шабандоздары ірі жарыстар алдында дәл осы «Медеуге» келіп жаттығатын.

Жарыстың екінші бөлігінде қатысушылар 15 шақырымға созылған таулы аймақты бағындырады. Ол UCI тарапынан 1-санаттағы таулы аймақ болып өз бағасын алды. Кейбір жолдарда 7-8 пайыздық градиенттер кездеседі. Демек, бұл шабуыл жасауға тамаша мүмкіндік береді деген сөз. Ал осы аймақтағы ғаламат табиғат «Еуроспорт» арнасының көрермендерінің көз жауын алары анық.

«Tour of Almaty жарысының бағыты өзінше қиындықтар тудыратыны рас. Сондықтан да жарыс жеңімпазын анықтау қиынға соғады. Мұнда алға озып шығатындар да, таулы аймақта барын салатындар да өз өнерлерін паш ете алады. Оған қосымша қаланың әсем келбеті мен табиғатын қосыңыз. Шабандоздар еш жерге ұқсамайтын ерекше табиғаттарды көзбен көруге асық болады, — дейді «Eurosport» арнасының дауысы, танымал комментатор Сергей Курдюков.

Айта кетуіміз керек, Tour of Almaty  кәсіпқой веложарысы 2013 жылдан бері өтіп келеді. Биыл жарыстың жетінші жылы 30 және 31 тамыз күндері, екі күн қатарынан өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...