Басты бет Қоғам Білім Нұр-Сұлтанда магистратура тестілеуіне кіргізу кезінде 434 смартфон тәркіленді

Нұр-Сұлтанда магистратура тестілеуіне кіргізу кезінде 434 смартфон тәркіленді

Елімізде 2019 жылдың 10-15 тамызы аралығында 27 пунктіде магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу өткізіледі. Кешенді тестілеуге қатысу үшін 30579 өтініш қабылданды, деп хабарлайды MediaWorld.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл алғаш рет Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасымен ашықтық пен адалдықты қамтамасыз ету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, ADAL BILIM жобалық кеңсесінің өкілдері мен қоғам белсенділерінен тұратын арнайы мониторингтік топтар бақылаушылар ретінде тартылды.

Өңірлерге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері жіберіліп, апелляциялық комиссиялар құрылды. Сонымен қатар, медициналық көмек көрсету пунктері ұйымдастырылып, тестілеу барысында қауіпсіздік қамтамасыз етілді. Одан бөлек, ерекше білім беру қажеттілігі бар үміткерлерге қажет болған жағдайда жеке көмекшілер мен сурдоаудармашылар ұсынылатын болады.

Кешенді тестілеуде 169 аудитория пайдаланылады. Барлық аудиториялар ұялы байланыс сигналдарын сөндіргіш құралдармен және бейнебақылаумен қамтамасыз етілген.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тестілеу 3 тестілеу өткізу пунктінде өтіп жатыр. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да бірінші лекте 591 үміткер қатысып жатыр. Тестілеуге кіргізу кезінде 434 смартфон тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...