Басты бет Қоғам 233 мың елордалықтың 42 500 теңгеге өтініші мақұлданбаған

233 мың елордалықтың 42 500 теңгеге өтініші мақұлданбаған

Елордада 594 мың азамат төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылғаны үшін 42 500 теңгеге өтініш берді. Алайда оның тек 240 мыңы ғана мақұлданған. Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«24 сәуірдегі жағдай бойынша 42 500 теңге әлеуметтік төлемді 240 мың азамат алды. Жалпы, жәрдемақы алуға барлығы 594 мыңнан аса тұрғыннан өтініш келіп түсті. Оның 233 мыңы мақұлданған жоқ», — деді Мәкен онлайн брифингте.

Айтуынша, қала билігі әлеуметтік төлемнің арқасында 16 мың адамның мәртебесін анықтаған.

«Біз бұған дейін отыз бес мың адамның мәртебесін анықтай алмай жүрдік. Олар елордада тіркелгенмен, ешбір қызметте жоқ еді. Бүгінде соның 16 мыңнан астамын анықтадық», — деді ол.

Сонымен қатар, тұрмысы төмен отбасыларға көмек аясында 30 мыңнан аса азаматқа азық-түлік пен тұрмыстық жинақ алу үшін қосымша төлем төленген.

«Біз біргеміз» акциясы аясында 19-23 сәуір аралығында 4478 отбасыға 50 мың теңгеден берілді.

Мәкен табысы аз отбасыларға материалдық көмек көрсетудің екінші толқыны басталатынын еске салды. Соның аясында тағы 20 мыңнан аса тұрғынға қолдау көрсетіледі.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...