Басты бет Саясат Тоқаев Белорусь Республикасындағы елшіні ауыстырды

Тоқаев Белорусь Республикасындағы елшіні ауыстырды

Фото: ҚР СІМ Telegram каналынан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды MediaWorld.kz  Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды», — делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды.

БЕЙСЕНБАЕВ Асқар Асанұлы

1961 жылы 31 қаңтарда туған. Ресей-Қазақстан Қазіргі заманғы гуманитарлық университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Неміс тілін меңгерген.

Өзінің еңбек жолын 1983 жылы Түлкібас консерві зауытында инженер-технолог лауазымынан бастап, зауыттың директоры лауазымына дейін жетті. 1992-1994 жылдары Түлкібас Нан өнімдері комбинатын басқарды. Әрі қарай жеке бизнеспен айналысып, «Көктерек» АҚ компаниясын басқарды.

1998-2001 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданының әкімі болды.
2001-2008 жылдары II, III, IV шақырылымның Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер Комитетінің мүшесі болды.

2008 жылы Президенттің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің Басшысы болып тағайындалды.

Белору2013 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына жұмысқа ауысады, онда 2016 жылға дейін Сенат Төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2017 жылдан бастап Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі болып тағайындалғанға дейін ҚР Парламенті Сенатының депутаты — Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болды.
2019 жылғы 12 тамыздан бастап — Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Елшісі, ТМД Жарғылық органдары жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарады.

«Құрмет», «Содружество», «Парасат», «Достық» ордендерімен марапатталған.
Үйленген, үш баласы бар.

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...

Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3...