Басты бет Аймақтар Қарағанды облысы FlyArystan Қарағандыда жаңа бекет ашпақ

FlyArystan Қарағандыда жаңа бекет ашпақ

Фото: FlyArystan FlyArystanбаспасөз қызметі

Бірінші отандық FlyArystan лоукостері 2020 жылдың екінші тоқсанында Қарағанды қаласында жаңа бекет ашуды көздеп отыр, деп хабарлайды MediaWorld.kz әуетасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды жаңа база ашылатын бірінші аймақтық қала болмақ. Осы уақытқа дейін FlyArystan-ның барлық рейсі Алматы қаласынан ғана орындалды. Аймақтық өкілеттілік өз жұмысын бір Airbus A320 ұшағынан бастап, кейін флотқа тағы бір әуекемені қосуды жоспарлап отыр.

FlyArystan операциялық жұмыс басынан бері Алматы-Қарағанды-Алматы бағыты бойынша 200-ден астам рейсті орындап, борттардың орташа жүктеме коэффицентін 93% дейін жеткізді. Аталмыш бағыт бойынша билеттердің жартысы 10 мың теңгеден төмен бағамен сатылды.

«Эйр Астана» АҚ-ның қаржы жөніндегі атқарушы директоры Ибрагим Жаңылелдің ойынша, еліміздің төртінші мегаполисінде пайда болатын бекет бүкіл облыстың дамуына үлкен мүмкіндік береді.

«FlyArystan лоукостері пайда болғаннан кейін, 3 айдың ішінде, өткен жылдың осы кезеңімен салыстарғанда, Сары-Арқа әуежайының жолаушылар саны 49% күрт өскенін байқауға болады. 2020 жылдың II тоқсанынан бастап Қарағандыдан қатынайтын бағдарлар кестесі кеңейе түспек. Осылайша, жергілікті әуепаркі екі Airbus A320 ұшағымен толыққан кезде, ішкі және халықаралық бағыттар саны 10-12 дейін көбейіп, жолаушыларға 1 миллионға дейін орын ұсынылады. Осының арқасында туристтік ағым өсіп, қонақүй, мейрамхана, ойын-сауық сынды қызмет көрсету салалары қарқынды дамиды деген зор үміт бар. Рейстер мен бағдарлар кестесінің ауқымдылығы Қарағандыға және Қарағандыдан қолжетімді бағамен әлдеқайда көбірек қатынауға мүмкіндің береді. Бұл бүкіл өңірге позитивті өзгерістерді әкеліп, FlyArystan-мен бірлесіп жұмыс жасау жобасы басқа аймақтарға да жақсы мысал бола алады деген сенімдеміз», — деді ол.

Қарағандыдағы бекет ашылғаннан кейін 100-120 жұмыс орны ашылады. Жергілікті өкілдікке ұшқыштар, бортсеріктер, инженерлер мен жерүсті қызметкерлері қабылданады.

«Аэропорт Сары-Арка» АҚ басқарма төрағасы Сәрсенбек Көшкіновтің ойынша, Сары-Арқа әуежайында FlyArystan лоукостерінің базалық бекетін ашу шешімі — стратегиялық жағынан, яғни  қаржыны басқару қырынан өте орынды шешім.

«Біздің серіктестік келісіміміз әлемдік тәжірибеге сай, яғни бюджеттік әуекомпаниялардың қолжетімді бағаларды ұсыну үшін аймақтық әуежайларды таңдау принциптеріне сәйкес жасалған. Осы тұста, Қарағандыда жыл бойы, ұшу және көру параметрлеріне сай ауа райы өте жайлы және де қиындықсыз ұшып келу мен ұшып кетуге мүмкіндік беретін инфраструктура дамығанын атап кеткен жөн. Мұның бәрі келер жылы саны екі еселенетін жолаушыларға ойдағыдай қызмет атқаруға септігін тигізеді», — деп сенімін білдірді әуеайлақ басшысы.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...