Басты бет Қоғам ІІМ колония қызметкерлерінің күш қолдануына қатысты хабарлама таратты

ІІМ колония қызметкерлерінің күш қолдануына қатысты хабарлама таратты

Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша арнайы комиссияның жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды MediaWorld.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«YouTube» видеохостингінде колония қызметкерлерінің сотталғандарға қатысты күш қолдануы туралы материалдар жарияланғаннан кейін Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/8 мекемесіне (Заречный кенті) дереу комиссия жіберілген болатын.

«Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша тәртіптік негізде аталған мекеме мен Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 14 лауазымды тұлғасы жазаланды», — деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

Сонымен қатар, теріс себептермен ішкі істер органдарынан                           7 қызметкер, оның ішінде 2 мекеме бастығының орынбасары жұмыстан шығарылды.

Тәртіптік сипаттағы шаралармен қатар, Алматы облысының арнайы прокурорлар басқармасы ҚР ҚК 146-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық істерді тергеу шеңберінде 7 қызметкерге қатысты тергеу изоляторына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындалды.

Сонымен қатар, мекеме бастығы және Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатылды.

Қазір қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің осындай қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға итермелейтін алғышарттарды жою бойынша жүйелі шаралар кешені қабылдануда.

Министр, сондай-ақ, осы жылдың 24-25 сәуірінде Алматы облысы ҚАЖ департаментінің ЛА155/14 мекемесінде тінту іс-шаралары фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізу барысы туралы атап өтті.

Тексеру барысында 30 ұялы телефон, 16 зарядтау құрылғысы, 3 құлаққап, 54 шаншу-кесетін заттар (бір рет қолданылатын станоктың жүзі – 34, тырнаққа арналған қысқыштар – 5, қайралған металл заттар – 6, қайшы — 9), азаматтық үлгідегі заттар – 50, қолдан жасалған 2 қайнатқыш табылды.

Осы факті бойынша қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізілуде.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіннің Алматы облысы бойынша департаменті азаптау туралы сотталғандардың өтініштері негізінде тергеу жүргізуде.

Тексеру барысында барлық оқиғалар қатысушылардың  және оларға жол берген адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...

Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3...