Басты бет Соңғы жаңалықтар Вокзалда билетті алыпсатарлар тексерушілерге күш көрсетті – ҚТЖ

Вокзалда билетті алыпсатарлар тексерушілерге күш көрсетті – ҚТЖ

Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінен құрылған жедел топ билеттерді сатып алып сатушылармен және билетсіздермен күрес жөніндегі жұмыстарды күшейтілген режимде жалғастыруда, деп хабарлайды MediaWorld.kz  «Қазақстан темір жолы» ҰК» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәулік бойы вокзалдарға рейдтер жүргізіліп, перрондарда, пойыздарда бақылау күшейтілді.

Жедел топ қатысушыларының бірі – «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» өңірлік филиалының менеджері Родион Машенскидің айтуынша, жұмыс өз нәтижесін беруде.

«Тексеруді таңның атысынан бастаймыз да түннің жарымына дейін вокзал аумағын аралап шығамыз, пойыздарда жолаушылар билеттерін тексеріп, деректерін құжаттарымен салыстырамыз. Одан кейін ауысамыз, рейдке басқа топ шығады. Бұзушыларды анықтаған кезде желілік полиция қызметкерлерін шақырамыз, олар алып сатарларға ауызша ескерту жасайды», — деді Машенский.

Жедел топ мүшелері жылжымалы кесте бойынша көшпелі рейдтер жүргізіп, пойыздар орнынан қозғалған кезде жолаушылар билеттерін тексере бастайды.

«Кейбір сатып алып сатушылар күш көрсетіп, шу шығарып, тіпті қол жұмсауға дейін барады. Біз олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тырысамыз. Әртүрлі адаммен ортақ тіл табуда белгілі бір деңгейде психолог та болу керек. Жедел топ мүшелеріне оңай соғып жатқан жоқ», — дейді жедел топ құрамына кірген «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» өңірлік филиалының сервистік қызмет көрсету жөніндегі директор орынбасары Ерік Айтбеков.

 

Соңғы жаңалықтар

«Астана» — «Манчестер Юнайтед» ойынының билеттері сатылымға шықты

«Астана» - «Манчестер Юнайтед» ойынының билеттері сатылымға шықты, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Бағасы 4 мың мен 55 мың теңге аралығында. Оны «Астана» футбол клубының ресми...

Сарыағаш ауданының тұрғыны оқушы ұлының зорланғандығын дәлелдей алмай жүр (видео)

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны оқушы ұлының зорланғандығын дәлелдей алмай жүр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:  - Жасөспірім зорлыққа ұшырады деген оқиға Жылға ауылындағы...

Мұнайлыдағы перинаталдық орталықта сәбидің мұрны түсіп қалды (видео)

Емдеймін деп мұрынсыз қалдырды! Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы перинаталдық орталықта арнайы аппаратқа қосылған сәбидің мұрны бір түн ішінде шіріп түсіп қалды, деп хабарлайды КТК...

Назарбаев «Самұрық-Қазына» туралы: мұның бәрі Қазақстан халқына тиесілі

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстан халқына тиесілі екенін азаматтар түсінуі керек. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш президенті қорды басқару жөніндегі кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды...

«Біздің облыстың патриоты емессіздер»: Бақауов сұраққа нақты жауап бермеді

Павлодар облысының әкімі үшін ең күрделі рейтинг – президент әкімшілігінің беретін бағасы. Бұл туралы Болат Бақауов Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Sputnik...

Ақтөбе облысында бір үйір киік суға батып кетті

Жайылымда жүрген жануарлар Ырғыз ауданының аумағындағы Телғара өзенінің үстінен өткен, деп хабарлайды «Хабар 24». Алайда мұз ойылып, 33 бас су түбіне кетіпті. Қорықшылардың айтуынша, батып...

«Ауыл тұрғындары қиналып жүр»: Тоқаев Көкшетауда үлкен жиын өткізіп жатыр

Ақмола облысында ауыл тұрғындары мал жаятын жер таппай қиналып жүр, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев облысты дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. "Облыстағы...