24-26 қазан аралығында Қазақстан полициясы күшейтілген режимде жұмыс істейді

Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев ведомствода өткен брифингте Республика күні қарсаңында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оразбаевтың сөзінше, ІІМ Республика күнін мерекелеу кезінде тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді күшейту үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

«24-26 қазан аралығында барлық жеке құрам қызмет көрсетудің күшейтілген режиміне ауыстырылатын. Әр облыстағы әкімдіктермен бірлесіп, мәдени-көпшілік шараларды өткізу орындар белгіленді, құқық қорғау органдарының күштері мен құралдарының есебі дайындалды.

Осы күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің санын 20 мыңға дейін көбейту көзделген», — деді ол.

Айдын Оразбаевтың айтуынша, полиция жасағы азаматтар жаппай жиналып, демалатын орындарға жақын орналастырылмақ.

«Жағдайды бақылау үшін Ішкі істер министрлігінің базасында жедел штаб құрылады, ұқсас штабтар барлық өңірде ашылады. Жалпы министрлік Республика күні азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету үшін бар күшін салады», — деді Оразбаев.

Автор: Нұрила Ермекбай