Басты бет Қоғам 1,8 млн қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алып отыр

1,8 млн қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алып отыр

Фото: интернеттен

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, атаулы әлеуметтік көмектің нәтижесінде 87 мың отбасы жеке қосалқы шаруашылық құрды, деп хабарлайды MediaWorld.kz.

2019 жылдың 15 тамызындағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмекпен 1,8 млн қазақстандық қамтылған. Жәрдемақы алушылардың көбі Түркістан облысында – 498,7 мың адам, Алматы облысында – 225,4 мың адам, Шымкент қаласында – 216,3 мың адам тұрады.

Жәрдемақы алушылардың 42%-ы-қала тұрғындары, 58%-ы-ауыл тұрғындары. Ағымдағы жылғы 1 тамызға АӘК 103 млрд.теңге сомасында төленді. Бір отбасына төлемнің орташа мөлшері айына 86 мың теңгені құрады.

Атаулы әлеуметтік көмек — бұл ақшалай төлем ғана емес, сонымен қатар Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдел түрінде көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларының кешені екенінайтып өткен жөн.

Мәселен, АӘК алуға өтініш білдірген 231 мың адамға ЖАО шешімі бойынша қосымша әлеуметтік көмек, коммуналдық қызметтерге тұрғын үй көмегі, жалпы білім беру желісі бойынша материалдық көмек, балаларға арналған қосымша факультативтер, арнаулы әлеуметтік қызметтер және т. б. көмек түрлері көрсетілді.

12,1 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылған (жұмысқа орналастыру, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және т.б.), 25,3 мың адам өз бетінше жұмысқа орналасты.

5,2 мыңнан астам адам шағын бизнесті ашу үшін ақшалай көмекті пайдаланды, соның нәтижесінде 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды, 400 азамат жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейте алды. 87,6 мың отбасы қаражатты жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға жұмсады, оның ішінде 73,9 мың отбасы мал сатып алса, 4,1 мың отбасы ауыл шаруашылығы жабдықтарын сатып алды.

Көрсетіліп отырған әлеуметтік көмектің атаулығын және бюджет қаражатының нысаналы пайдалынылуын қамтамасыз ету мақсатында Министрлік жергілікті атқарушы органдарға тұрақты түрде әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, өңірлермен жүйелі түрде селекторлық жиналыстар өткізіп тұрады, сол сияқты, АӘК алуға үміткерлермен де жұмыс істеу үшін іс-қимыл алгоритмі бар нұсқаулық хаттар жібереді, өңірлер бойынша АӘК тағайындалуына талдау жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...