Басты бет Қоғам Қарағандыда жас инспекторлар слеті ашылды

Қарағандыда жас инспекторлар слеті ашылды

Қарағандыда жас жол қозғалысы инспекторларының 19-шы республикалық слеті салтанатты түрде ашылды. Шараға «Бала дауысы» байқауының жеңімпазы Ержан Максим, деп хабарлайды MediaWorld.kz Қарағанды облысының ПД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық слетке Қазақстанның барлық облысымен қоса, Ресейдің Перми, Қырғызстанның Жалал-Абад және Белоруссияның Гродно қалалалырынан командалар қатысуда.

Шараның ашылуы кеншілер қаласындағы мәдени-демалыс саябағында өтті. Қазақстанмен көршілес мемлекеттерден келген келген командалар сап түзеп, субұрқақ маңынан мәдени-демалыс орталығының жағажайына дейін салтанатты шерумен өтті.

Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, полиция полковнигі Әлібек Кеңесбаевпен Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ирина Любарскаяның құттықтауымен ашылды.

— Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының атынан атынан барша қатысушыларға сәттілік тілеген Әлібек Кеңесбаев шараның маңыздылығына тоқтала келіп, байқауды өткізуге қолдау көрсеткен облыстық полиция департаментімен қала билігіне алғысын білдіріп, біліктіде білгір команда жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.

Салтанатты шара барысында балалар ансамбілі Людмила Мельникованың сөзіне жазылған жол жүру ережесі туралы ән шырқаса, сонымен қатар байқау қонақтарына Кеншілер астанасының тарихы туралы көріністер көрсетілді. Республикалық байқауға келген слеттің қатысушылары сондай-ақ, елімізге танымал, «Бала даусы» байқауының жеңімпазы Ержан Макисммен қосылып ән айтуға мүмкіндік алды. Жаста болса, әлемге танылған Ержан Максим әуелеген әнімен Қарағандылықтармен қала қонақтарын бір серпілтіп тастады.

Алдағы уақытта слетке қатысушыларды қиында қызықты сәттер күтіп тұр. Өйткені олар «Реттеуші», «Саптық байқау», «Жол жүру ережелерін білу», «Агитбригада» сияқты бірнеше тур бойынша өзара бақ сынасады. Сонымен қатар республикалық байқауға балаларды алып келегн полиция қызметкерлері «Жол жүру ережесін білу», «Алғашқы медициналық көмек көрсету», «Үздік насихаттаушы» байқаулары бойынша бақ сынасса, ұстаздар қауымы «Ашық үзіліс» байқауы бойынша сайысқа түседі.

Слет бағдарламасы бойынша ұстаздармен полиция қызметкерлеріне бірнеше тренингтермен оқу семинарлары өткізіледі. Сонымен қатар барлық қатысушыларға қаланың көрікті жерлерімен қоса, Карлаг, Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президен мұражайларына саяхат жасалады.

Айта кету керек, Республикалық слет ҚР Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында 25 тамызға дейінгі аралықта өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...