22 тамызда жаңбыр жауып, тұман түседі

92

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты солтүстікте, орталықта, шығыста, солтүстік-шығыста жаңбыр, шығыстың кей жерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай, жел күшеюі,  дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте және солтүстік-шығыста тұман түседі, деп хабарлайды MediaWorld.kz.

Алматы, Павлодар, күндіз Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде жел 15-22 м/с күшейеді, Павлодар облысының кей жерінде дауыл, Қызылорда облысының күндіз кей жерінде шаңды дауыл болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде дауыл түседі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, Қарағанды облысының кей жерінде дауыл түседі.

Қостанай облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.

Күндіз Атырау, кей жерінде Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде, Павлодар, Атырау облыстарының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.