Басты бет Саясат «C5+1» диалогы – Орталық Азия мен АҚШ-тың өңірлік ынтымақтастығының маңызды құралы

«C5+1» диалогы – Орталық Азия мен АҚШ-тың өңірлік ынтымақтастығының маңызды құралы

«C5+1» диалогы Орталық Азия мен АҚШ-тың өңірлік ынтымақтастығының маңызды құралы болып қала береді, деп хабарлайды MediaWorld.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Бейбіт Атамқұлов, Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Қырғызстанның сыртқы саяси ведомство басшысы Чингиз Айдарбеков, Тәжікстанның — Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстанның — Абдулазиз Камилов және АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хейлдің қатысуымен жоғары деңгейдегі «С5+1» кездесуі өтті.

Жоғары деңгейдегі кездесуде Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясатындағы Орталық Азия векторының іргелі басымдығын қалағанын» атап өтті.

Министрдің айтуынша, «Елбасы бағыты сабақтастығының мызғымастығы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аймақтық стратегиясы негізінде жатыр. Бізді көршілерімізбен аймақтық саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың қарқынды дамуы шабыттандырады». Сондай-ақ біздің өңіріміздің екіжақты және көпжақты форматтары барысында қол жеткізілген барлық бастамалар мен уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыруға Қазақстанның қызығушылығы атап өтілді.

«С5+1» өткен кездесуде сауда байланыстарын одан әрі кеңейту, инвестицияларды тарту және өңірдегі көпжақты экономикалық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды. Тараптар Орталық Азияның инфрақұрылымын және транзиттік-көліктік әлеуетін бірлесіп дамытуға үлкен қызығушылық білдірді.

Қауіпсіздік саласында кездесуге қатысушылар өңірлік тәсілді талап ететін сын-қатерлер мен қауіптердің кең кешенін қарастырды. Оның ішінде Ауғанстанды қалпына келтіруге көмек көрсету, сондай-ақ Сирия мен Ирактағы ұрыс қимылдары аймағынан оралған азаматтарды қайта оралу және оңалту бойынша тәжірибе алмасу мәселелері бар.

Нұр-Сұлтан қаласына сапары аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Д. Хейлді ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, ҚР Сыртқы істер министрі Б. Атамқұлов және ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының Атқарушы директоры Әсет Исекешев ҚР мен АҚШ-тың екіжақты және халықаралық ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылау үшін қабылдады.

«С5+1» форматы Орталық Азияның бес елі мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимылдың көпжақты тетігі болып табылады. Диалогтың негізгі тақырыптары Экономикалық даму, өңірлік ынтымақтастық және қауіпсіздік мәселелері болып табылады. Алты елдің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының қатысуымен алғашқы отырыс 2015 жылғы 1 қарашада Самарқанд қаласында өтті.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...