Басты бет Қоғам Туризм Алматыда Tax free жүйесі күзде іске қосылады

Алматыда Tax free жүйесі күзде іске қосылады

Алматыдағы шетелдік туристер осы күзден бастап «Tax free» жүйесінің қызығын көре бастайды. “Global blue” компаниясымен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде «Tax free» жүйесін Қазақстанға енгізудің жобасы әзірленді, деп хабарлайды MediaWorld.kz.

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен осы жылдың 15 тамызынан бастап жоба заңды күшіне енді. Салықты қайтару жүйесі бір жарым айдан кейін «Есентай молл» сауда орталығында іске қосылмақ. Яғни, осы күзден бастап Алматыға қыдырып келген туристер «Tax free» жүйесі бойынша брендтік тауарларға қол жеткізе алады.

«Естеріңізге сала кетсек, туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекетттік бағдарламаның аясында «Tax free» жүйесін әуелде 2022 жылдан кейін енгізу көзделген еді. Алайда, «Kazakh Tourism» ҰК» АО жанынан құрылған Жобалау кеңсесінің тікелей араласуымен қанатқақты жоба белгіленген мерзімнен бұрын іске қосылатын болды», — делінген ведомство таратқан хабарламада.

«Tax free» жүйесі Алматыдағы шетелдік туристер санын жылына 25 мыңға ұлғайтуға сеп болмақ. Олар өз кезегінде брендтік тауар үшін 1 мыңнан 10 мың долларға дейін қаржы жұмсайды деп күтілуде. Сауда-саттықтан бөлек, туристер алдымен Қазақстанға сапарлату үшін жол-пұлы мен тұратын орынға, сондай-ақ өзге де туристтік қызметтерге қосымша қаражат құятыны белгілі.

Жоба оң нәтиже берген жағдайда «Tax free» жүйесі Қазақстанның өзге де өңірлерінде іске қосылады.  Осылайша, Қазақстанды Орталық Азиядағы шоппинг-туризмнің орталығына айналдыру көзделіп отыр. Шетелдік туроператорлар салық соммасын қайтарудың жүйесі енгізілмеген елдерге туристтік бағыттарды жасамайтыны анық. Сондықтан, Қазақстан бұл мүмкіндікті тиімді қолдануға мүдделі.

Салықты қайтару жүйесі туризм дамыған мемлекеттерде жақсы жолға қойылған.  Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, «Tax free» жүйесін енгізгеннен кейін туристер ағылып келіп, сауда айналымын еселеп арттыруға септігін тигізді. Жүйені іске қосу арқылы Қазақстанға жылына 300 мың турист тарту жоспарлануда. Одан түсетін пайданы 2025 жылға дейінгі 198 млрд. жеткізу  көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...