Басты бет Қоғам Білім Қазақстанда енді дипломды университет береді - БҒМ

Қазақстанда енді дипломды университет береді — БҒМ

2021 жылдан бастап еліміздің жоғары оқу орындары мемлекеттік үлгідегі емес, өз дипломдарын беретін болады және жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс берушілермен нақты ЖОО-ның беделі ескерілетін болады, деп хабарлайды MediaWorld.kz.   

Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарына түсу бойынша өтініштерді қабылдау үрдісі жалғасуда.

ҚР БҒМ талапкерлер мен студенттердің мүдделерін қорғау шеңберінде білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатындағы өз жұмысын күшейтіп, жоғары оқу орындарының қызметіне қатысты тексерулер жүргізуде. Жоспардан тыс жүргізілген тексерулердің нәтижесінде бірқатар жоғары оқу орындарында бұзушылықтар анықталып отыр. Атап айтсақ, Шымкент аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті мен «Астана» университетінде.

«Осыған байланысты, талапкерлер келесі мәселелерге назар аударғандары жөн.
Біріншіден, жоғары оқу орнына өтініш беру туралы шешім қабылдаған кезде Қазақстанда тіркелмеген шетелдік оқу орындарының немесе лицензиясыз жұмыс істейтін өкілдіктердің қызметі заңды емес екендігін және аталған білім беру ұйымдары тарапынан берілетін құжаттардың күші жоқ екенін ескеріңіз. Екіншіден, төмендегі талаптарға мән беру керек:
— жоғары оқу орнында білім беру қызметін жүргізу құқығы бойынша лицензияның болуы (2007 жылдан кейін берілген);
— ЖОО-ның аккредитациядан өтуі мен аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы;
— жұмыс берушілер рейтингісіндегі ЖОО-ның орны, оқу орнының жұмыс берушілер арасындағы танымалдылығы және білім беру бағдарламаларының сапасы. Осы орайда, талапкерлерді дұрыс таңдау жасауға шақырамыз!» — делінген ведомтсвоның Facebook парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдан бастап еліміздің жоғары оқу орындары мемлекеттік үлгідегі емес, өз дипломдарын беретін болады және жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс берушілермен нақты ЖОО-ның беделі ескерілетін болады.
Қазақстанда халықаралық аренада да бәсекелестікке төтеп бере алатын лайықты және мықты жоғары оқу орындарының қатары қалың. Өкінішке орай, бәсекеге қабілетті жоғары оқу орындарымен қатар «әлсіздері» де білім беру үрдісіне кірістірілген. Осы ретте, аталған жоғары оқу орындары бойынша жұмыс жүргізіп, сапаны қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау қажет.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...