Басты бет Экономика 250 млн доллар: Әзербайжан банкіндегі зейнетақы қаржысының тағдыры не болды?

250 млн доллар: Әзербайжан банкіндегі зейнетақы қаржысының тағдыры не болды?

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» компаниясының атқарушы директоры Мәулен Өтеғұлов Әзербайжан банкіне жасалған инвестиция туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Әзербайжанның халықаралық банкінен алынған облигацияларға қатысты сауал жиі түседі. Салымшылар Әзербайжанның банкіне берілген қаражат елге қайтарылмады дегенді айтады. Алайда бұл шындыққа жанаспайды «, — деп жазды Өтеғұлов өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Ол оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді.

2014 жылдың қазан айында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» зейнетақы активтері есебінен Әзербайжанның халықаралық банкінен құнды қағаз сатып алынды. Жалпы сомасы – 250 миллион доллар. 2017 жылдың мамыр айында бұл банктің банкрот болғаны белгілі болды. Тиісті өтініш Нью-Йорк сотына жіберілген. Кейін банктің қайта құрылды.

Бұдан соң банктің бұл облигациялары Әзербайжанның мемлекеттік бағалы қағаздарына айырбасталды.

«Бұл Әзербайжан халықаралық банкінің БЖЗҚ алдындағы міндеттемелерін Әзербайжанның үкіметі өзіне алды деген сөз», — деп жазады Өтеғұлов.

2019 жылдың ақпан-сәуір айларында Әзербайжан үкіметінің барлық қалған облигациясы сатылды.

Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, облигацияларды Әзербайжан банкінен алғаннан бастап Әзербайжан үкіметі сатқанға дейін таза ішкі табыс мөлшерлемесі 4% (валютада) болған.

«Бұл мөлшерлеме қазақстандық банктердегі долларлық депозит (жылдық мөлшерлеме 1 %)  түсімінен төрт есеге көп. Демек бұл банкке қатысты оқиға қазақстандық салымшылар үшін жақсы аяқталды деп айтуға болады», — деді Өтеғұлов.

Еске сала кетсек, 2018 жылы жазда зейнетақы қорында үлкен дау-дамай шықты. Салымшылардың 71,6 миллиард теңгесі Әзербайжанның банкрот болған халықаралық банкіне инвестицияланғаны мәлім болды. Бұл оқиғадан кейін қордағы миллиардтаған қаржының сақталуына қоғам алаңдаушылық білдірді. Ал кейбір экономистер мұндай ақылға қонымсыз шешімге таңданысын жасырмады.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...