Басты бет Аймақтар Атырау облысы Атырауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

Атырауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

Мұнайлы өлке – Атыраудың төрінде Қазақстан мұнайының 120 жылдық
мерейтойына арналған бірқатар шара өтті, деп хабарлайды MediaWorld.kz.   

Мерекелік шаралар ҚР Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, KAZENERGY Қауымдастығының, «Ембімұнайгаз» АҚ және Атырау облысындағы ірі мұнай-газ компанияларының қолдауымен ұйымдастырылды.

Атырау мұнай-газ университетінде Қазақстанның батысындағы көптеген кен алаңдарының алғашқы ашушысы Сафи Өтебаевтың ескерткіш тақтасы ашылды. Майталман мұнайшының есімі оқу ордасына осы жылдың ақпан айында берілген болатын.

«Бүгін біз үшін ерекше күн. Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерейтойы
қазақтың тұңғыш мұнайшы-инженері, дарынды басшы мен отандық мұнай-газ
саласының іргетасын қалаушылардың бірі Сафи Өтебаевтың 110 жылдығымен тұспатұс келіп тұр. Ол әріптестерімен бірге еліміздегі мұнай-газ кешенінің негізін қалады» —
деп атап өтті «KAZENERGY» Қауымдастығы төрағасының орынбасары,
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Директорлар кеңесінің
төрағасы Ұзақбай Қарабалин.

Бұдан кейін «КМГ Инжиниринг» ЖШС «Каспиймұнайгаз» филиалының жаңа
кеңсесінің ашылу салтанаты өтті. Ғимараттың құрылысы 2018 жылдың қыркүйек
айында басталған. 4 қабатты ғимарат халық үшін ғылымның қашанда ашық екенін
дәлелдейтін ашық кітап іспеттес салынған. Кеңседе әкімшілік-шаруашылық қызметі,
160 орындық акт залы, мұнай өндіру бойынша зерттеу жұмыстарының блогы, мұнай
өндірісін зерттеу блогы, геологиялық-геофизикалық жұмыстар мен жаңа технологияларды енгізуге жауапты мамандардың блогы, университет басшылығы мен
жобалау жұмыстарының блогы орналасқан.


Университет ғимаратында Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған
«Қазақстан мұнайы: өткені, бүгіні және келешегі» атты халықаралық ғылымипрактикалық конференция өз жұмысын бастады.

Конференция жұмысына Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы,
Эквадор мен Чадтан елдерінің, қазақстандық және халықаралық мұнай-газ
компанияларының, ТМД мен алыс шет елдердің жетекші ғылыми-зерттеу және мұнай
техникалық университетінің басшылығы мен жауапты мамандары, ҚР мұнай-газ
саласының ардагерлері, студенттер мен БАҚ-тың, ҚР Энергетика, Білім беру және
ғылым министрліктерінің 250-ге тарта өкілі қатысты.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...