Басты бет Әлем Алмазбек Атамбаевты ай ішінде алғаш рет туыстары көрді

Алмазбек Атамбаевты ай ішінде алғаш рет туыстары көрді

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев тұтқындалғаннан кейін алғаш рет туыстарын көрді, деп хабарлайды MediaWorld.kz   АКИpress басылымына сілтеме жасап.

Саясаткер 8 тамызда өзінің Кой-Таштағы үйіне жасалған ұстау операциясынан кейін қамауға алынған болатын. Оған бірнеше ауыр қылмысқа қатысты айып тағылды. Қазір Атамбаев Бішкекте Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр.

Сәрсенбіде – 4 қыркүйекте Мемлекеттік ҰҚК Атамбаевтың қорғаушыларының шағымына қатысты Бішкек қалалық сот алқасының көшпелі отырысы өтті. Экс-президенттің адвокаттары 26 қазанға дейін қамауға алу мерзімін ұзарту және оны заңсыз ұстау факті бойынша шағымданды. Жолда сот шешімін күтіп, туыстары, жақтастары, оның ішінде жұбайы Раиса Атамбаева, ұлы Қадір, сондай-ақ Жогорку Кенеш депутаттары күтті. Атамбаев оларға қол бұлғап үлгерді.

Kaktus.media хабарлағандай, парламент депутаттары Әсел Кодуранова мен Ирина Карамушкина сол күні Мемлекеттік ҰҚК тергеу изоляторында Алмазбек Атамбаевпен кездескен. Бұл кездесу қамауға алынған кейін алғаш рет болды және 40 минутқа дейін жалғасқан. Кодуранованың айтуынша, Атамбаев ештеңеге шағымданбаған.

«Әрине, ол жер курорт емес. Бірақ ол ештеңеге шағымданбайды. Әзірге ешқандай тапсырма бермеді», — деді Кодуранова. 

Кейін Сот алқасы Атамбаевтың қорғаушыларының екі шағымын да қанағаттанырмағаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...