Шамалғандағы жол апаты: ІІМ хабарлама таратты

95

Фото: ашық дереккөз

Жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды MediaWorld.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылғы 15 қыркүйекте сағат 19:08-де «Алматы-Шамалған» жолының реттелетін темір жол өткелінде №43 «Алматы-Қостанай» жолаушылар пойызы мен бағдаршамның тыйым салуына қарамай темір жолға шығып кеткен №456 «Алматы — Шамалған» бағытында жүретін мемлекеттік нөмірі 757 AR 05 «Сетра» маркалы автобусының қақтығысуы орын алды.

«Пойыз машинисі тарапынан шұғыл тоқтау шаралары қабылданғанымен, қақтығыстың алдын алу мүмкін болмады. Қақтығыс салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болып, ал автобустың үш жолаушысы Қарасай ауданының аудандық ауруханасына жатқызылды. Оқиға орнында Көліктегі полиция департаментінің және Алматы облысы Полиция департаментінің тергеу-жедел тобы жұмыс жасауда. Олар тиісті тергеу шараларын қабылдауда. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — деп жазылған хабарламада.

Орын алған жағдайдың себебі мен мән-жайын анықтау мақсатында ҚР ІІМ мен ҚР ИИДМ қызметкерлері есебінен комиссия құрылып, оқиға орнына жіберілді.

View this post on Instagram

Чималганский переезд

A post shared by Алматы | Almaty | Крисп (@almaty_dtp_rezerv) on