Басты бет Оқиға Жол-көлік оқиғасы Шамалғандағы жол апаты: Автобустан 16 жолаушы түсіп үлгерген

Шамалғандағы жол апаты: Автобустан 16 жолаушы түсіп үлгерген

Фото: pixabay.com

ҚР ІІМ баспасөз қызметі Алматы облысындағы жолаушылар пойызының жолаушылар автобусымен соқтығысу фактісі бойынша тағы ақпарат таратты, деп хабарлайды MediaWorld.kz.  

«ЖКО салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Автобустың 3 жолаушысы түрлі жарақаттарымен Қарасай ауданының ауруханасына жеткізілді. Оның біреуі екі кішкентай баласы бар (5 және 3 жастағы)1986 ж. т. әйел адам. Автобустың қалған жолаушылары анықталуда», — делінген хабарламада.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлімі («Автомобильді, троллейбусты, трамвайды немесе басқа да механикалық көлік құралын жүргізуші адамның абайсызда адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан және абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы») және ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды («темір жол, әуе, теңіз немесе өзен көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін орындайтын жұмысына немесе атқаратын қызметіне байланысты осы ережелерді сақтауға міндетті адамның бұзуы, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге не ірі залал келтіруге әкеп соқса және абайсызда адам өліміне әкеп соқса»).

Автобуспен соқтығысқан жолаушылар пойызы электровоз және 703 жолаушысы бар 19 вагоннан тұрады. Тергеу барысында өткелдегі кептеліс екі бағытта да 18 сағат 30 минутта пайда болғаны анықталды. Ал 19 сағат 05 минутта бағдаршамның тыйым салатын сигналы жанып, жоғарыда көрсетілген электровоздың жақындағаны туралы алдын ала ескерту сигналы берілген. Темір жол өткелінде сол кезде автокөлік құралдары, оның ішінде жоғарыда көрсетілген жолаушылар автобусы болған. Орнатылған датчиктер өтелді бөгеу құрылғысының автоматты іске қосылуына мүмкіндік бермеді. Автобус қауіпсіз жерге келе алмады, өйткені оның алдында және артында басқа автокөлік құралдары болған.

« Автоматтандырылған шлагбаум төменге шекті мөлшерге дейін түспеген. Ол жолаушылар автобусының төбесіне жақындап барып тоқтап қалған. Автобус жүргізушісі есіктерін ашып, жолаушыларды (19 жолаушының 16-сы автобустан түсіп үлгерді) түсіре бастады. Жолаушылар автобусымен соқтығысқан электровоз Алматы-1 стансасының депосына жеткізіліп, басқа электровозбен ауыстырылды, жолаушылар пойызының құрамы өзінің маршруттық жолын 22 сағат 00 минутта жалғастырды. Оқиға орнында ҚР ІІМ-нің, Алматы облысы және көліктегі департаменттердің жедел-тергеу топтары жұмыс істеуде. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады», — деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Анықтама:

Апаттылықтың негізгі себептері жүргізушілердің өте төмен тәртібі болып табылады, бүгінде  жүргізушілер жасаған ЖКО-ы 96%-ды құрайды.

Автобус жүргізушілерінің кінәсінен ағымдағы жылы 316 ЖКО тіркелді (3%), онда 51 (3,8%) адам қаза тауып, 553 (4,1%) адам жарақат алды.

Бұған дейін ІІМ аталған жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

Жолаушылар пойызының машинисі жедел тежегішті іске қосқанымен, арақашықтықтың аздығынан қақтығыстың алдын ала алмаған.

Соңғы жаңалықтар

ІІМ басшысы: «Бастықтар тарапынан жасалған қателіктерге көз жұмып қарамаймыз!

«ІІМ қызметі қызметкерлерге жоғары талаптар қоятын "күрделі" мамандықтардың бірі, өйткені адамдардың тағдыры олар қабылдаған шешімдерге байланысты болады. Сондықтан олар белгілі бір дәрежеде қоғам мүддесін...

«Транстелеком» АҚ ауылдық елдімекендерді интернетпен қамтамасыз ету жобасының ағымдағы жетістіктерімен таныстырды

Жобаның жүзеге асырылып жатқан екі жылы ішінде 275 елдімекенде жаһандық желіге шығатын 717 байланыс нүктесі орнатылды. Жоба бойынша  2021 жылға дейін жалпы ұзындығы 5,6...

«Бұйыртса, енді оралман емес, қандас дейміз – министр

"Оралман" сөзін "қандас" дегенмен алмастыру жайы талқыланып жатыр", - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Мәжілістен тыс дәлізде журналистерге берген...

Алматы облысында 8 жасар баланы ит талап, өлтірді

Алматы облысының Шелек ауылында ит баланы талап, өлтіріп тастады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға 30 қарашада болды. Жантүршігерлік жағдайда қайтыс болған бала - екінші сыныптың...

Тоқаев елордада жастармен кездесіп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылуы мен Волонтер жылының ашылуына арналған шараға қатысып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Президент қазақстандық жастармен кездесу үшін...

Құрманғазы оркестрі Қытай астанасында концерт өткізді

5 желтоқсанда Бейжің қаласында Дүниежүзілік музыка ЭКСПО-сы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Ұлы дала сазы» атты Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар...

Балқашта 7 жасар қыз үлкеннен көрген қорлығын айтып ботадай боздады (видео)

Балқашта 7 жастағы қызды зорлау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық үлкен дауға себеп болды. Басты күдікті ретінде қамауға алынған 44 жастағы қала тұрғыны тергеу кезінде...