Басты бет Қоғам Дін Дін саласында жазатын журналистер арасында конкурсқа материалдар қабылданып жатыр

Дін саласында жазатын журналистер арасында конкурсқа материалдар қабылданып жатыр

Дін саласындағы өзекті мәселелер туралы бірнеше номинациялар бойынша үздік материалдар байқауына шығармалар қабылдау әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды MediaWorld.kz.  

Бұл байқаудың бір ерекшелігі, оған тек журналистер ғана емес, дін тақырыбына қалам тербеп жүрген ғалымдар мен көсемсөзгерлер де қатыса алады.

Байқауды Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен 2019 жылдың 1 мамыры мен 1 қазаны аралығында Ұлттық журналистік зерттеу орталығы ұйымдастырып отыр. Жеңімпаздарды марапаттау 18 қазан – ҚР Рухани келісім күні мерекесі қарсаңында Алматы қаласында өтеді. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқаудың мақсаты:

— Қазақстан Республикасы жұртшылығының назарын дін саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелеріне аудару.

— Бұқаралық ақпарат құралдары, яғни журналистер арқылы тұрғындарды мемлекеттік саясаттың дін саласындағы әр түрлі бағыттары, қоғамдағы конфессияаралық келісімнің нығайтылуы және сақталуына бағытталған маңызды іс-шаралар жөнінде хабардар ету.

— Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша материалдарды жариялайтын БАҚ мен журналистерді қолдау.

Байқау номинациялары:

Діни экстрмемизмнің алдын алуға байланысты байқау келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:

  • ең үздік телевизия жанры;
  • ең үздік радио жанр;
  • мерзімді баспасөздегі қазақ тіліндегі ең үздік публицистикалық мақала;
  • мерзімді баспасөздегі орыс тіліндегі ең үздік публицистикалық мақала;
  • интернет-ресурстағы қазақ тіліндегі ең үздік мақала;
  • интернет-ресурстағы орыс тіліндегі ең үздік мақала;
  • әлеуметтік желідегі ең белсенді қоғамдық топ;
  • интернет желісіндегі ең үздік бейнеролик;
  • ең белсенді блогер;
  • ең үздік фоторепортаж.

Жеңімпаздарды барлық номинациялар бойынша бағалы сыйлықтармен марапаттау, сонымен қатар 5 (бес) ынталандыру сыйлығы;

Байқау шарттары:

Алматы қаласында тіркелген немесе тілшілер қосыны бар БАҚ-тағы кез келген журналист, сондай-ақ ғалым, көсемсөзгер, қаламгер қатыса алады. БАҚ басшылығының рұқсаты талап етілмейді. Байқау екі тілде өтеді.

Байқауға 2019 жылдың 1 мамырынан бастап 1 қазан аралығында жарияланған материалдар қабылданады.

Басты қойылатын талап – Қазақстанның зайырлы мемлекеттік құрылымын қарапайым әрі ұғынықты тілмен түсіндіру, мемлекеттік саясаттың заңнамалық талаптарын ұғындыру, дін атын жамылған экстремистік ағымдарды әшкерелеу, дәстүр мен діннің өзара байланысын жеткізу, діни экстремизмнің алдын алу, теріс діни топтардың идеологиясы мен олардың зияндығын ашып көрсету.

Қандайда бір діни ұстанымды немесе дінді насихаттауға бағытталған материалдар қабылданбайды.

Байқауға қатысушылар Ұйымдастыру комитетінің uzhzo2005@mail.ru электронды поштасына (байланыс телефоны: 87775654078) мынадай материалдарды жіберуі тиіс:

1) Автор туралы мағлұмат /туған жері, күні, айы, жылы, телефон/;

2) Байқау материалы жарияланған БАҚ-тың pdf-нұсқасы немесе скриншоты, портал-сайттағы материалдың скриншоты немесе электронды сілтемесі (бар болған жағдайда), теле-радио бағдарламалардың mp4-нұсқасы немесе электронды сілтемесі (бар болған жағдайда);

3) Автор әр номинацияға 1 немесе 2 материал ұсына алады;

4) Бір автор бірнеше номинацияға қатыса алады;

5) Барлық материалда байқаудың қандай номинациясына ұсынылатыны туралы ақпарат болуы міндетті. Номинациясы көрсетілмеген материал байқауға жіберілмейді.

Байқау кезеңдері:

  1. Байқауға қатысушылардан материалдарды қабылдау (1 қазанға дейін);
  2. Материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау (1-10 қазан аралығы);
  3. Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау (Рухани келісім күні қарсаңы).

Байқау жеңімпаздарын марапаттау:

Байқауды ұйымдастыру комитеті жүргізіп, жеңімпаздарды 5 немесе 7 адамнан тұратын қазылар алқасы таңдайды. Алқа байқау марапаты басталғанша құпия түрде сақталады. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылмайды. Байқау жеңімпаздары арнайы номинациялар бойынша тағайындалған ақшалай жүлделермен және арнайы дипломдармен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...