Басты бет Қоғам «Астана Балет» театрында ашық есік күні өтеді

«Астана Балет» театрында ашық есік күні өтеді

2 қазанда Халықаралық балет күні аталып өтеді. Осы күні әлемнің жетекші театрлары онлайн-трансляция өткізіп, балет әлемінің қыр-сырымен бөліседі.

Осы мерекелік күннің қарсаңында «Астана Балет» театры «Ашық есік күнін» өткізеді. 30 қыркүйек сағат 12:00-де кез-келген жан театрға келіп, би өнерінің ғажайып әлемімен таныса алады, деп хабарлайды MediaWorld.kz.

Келушілерге Astana Ballet фотокөрмесі көрсетіледі. Авторы – Ресей фотосуретшілер одағының мүшесі, «Балет аумағы» жобасын жүзеге асырған  Алексей Кривцов. Танымал шебердің объективіне түскен бишілердің болмыс-бітімін тануға болады. Оның жұмыстары көптеген елдің жеке коллецияларында, театр фойелерінде қойылып, көрермен қошеметіне бөленіп келеді.

Сонымен бірге, көрермен залына кіріп, америкалық неоклассиканың негізін қалаушы Джордж Баланчиннің шығармашылығына арналған дәрісті тыңдауға болады. Оның «Кончерто Барокко» атты туындысы таяу күндері «Астана Балет» театрының сахнасында көрсетіледі. Сонымен бірге, осы шараға қатысушылар премьерасы қазанның 4 мен 5 күндері өтетін спектакльдің репетициясын тамашалай алады.

«Ашық есік күні» акциясына байланысты түбегейлі ақпаратты «Астана Балет» театрының әлеуметтік желідегі парақшасынан алуға болады.

https://www.instagram.com/astanaballet/?hl=ru

Басталуы: 30 қыркүйек сағат 12:00.

Кіру тегін. Алдын ала тіркелу қажет.

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...