Басты бет Саясат Парламент 29 жыл ішінде қанша қытай Қазақстан азаматтығын алды

29 жыл ішінде қанша қытай Қазақстан азаматтығын алды

Соңғы 29 жыл ішінде қытай ұлтының 4 азаматы ғана Қазақстан азаматтығын алған. Бұл туралы сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қазақстанда азаматтық алу оңай, әсіресе қытайлықтар азаматтық көп алып жатыр деген мәліметтер БАҚ-та жиі көтеріледі. Талдау барысында мұның барлығы негізсіз екені айқындалды. Соңғы 29 жылдың ішінде Қазақстан азаматтығын қытай ұлтының 4 азаматы ғана алған», — деді депутат сенаттың жалпы отырысында.

Сонымен қатар, ол Қазақстаннан көшіп жатқан азаматтардың көбеюіне алаңдаушылық білдірді.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, 1991 жылдан бастап 2018 жылға дейін Қазақстанда халық саны 11%, көрші Өзбекстанда 60%,  Тәжікстанда 68%, Қырғыстанда 43%-ке өскен.

«Біздің ел үшін басты қауіп – елден көшіп кету. 1991-2018 жылдар аралығында Қазақстаннан басқа елдерге көшіп кеткен адамдар саны 3,7 миллионға жеткен. Тек соңғы он жылдың ішінде Қазақстаннан Ресейге 300 мың адам қоныс аударды», — деді сенатор.

Елден қоныс аударғандардың 44 проценті 15 пен 34 жасқа дейінгі жастар. Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, бұл еңбек ресурстарының тұрақты азаюын көрсетеді.

«Сарапшылардың пікірінше, шет елдерде 7 миллион этникалық қазақ тұрады екен. Бұл Қазақстанда тұрып жатқан 18,5 миилион халықтың 38%-ін құрайды. Демографиялық аспектіде үлкен әлеует болып табылатын осы ресурстарды дұрыс пайдаланудамыз ба?! Өкінішке қарай жоқ», — деп қапаланды депутат.

Оның пікірінше, ел үкіметі көші-қон жөнінде бүгінгі заман талабына сай жаңа құжат дайындап, соған орай нақты іс-шаралар қабылдауы тиіс.

«Сырт жерлердегі сан миллион ағайынымыздың атамекенге түпкілікті келемін деген ыстық ықыласын суытып алмай, сағынышы мен сүйіспеншілігіне сызат түсірмей, қазақ көшін қайта жаңғыртуымыз керек. Өйткені Қазақстан – шеттегі қандастарымыздың жалғыз рухани отаны. Әлеуметтік сауалнамаларға сүйенсек, Қазақстанға шетелден 1,5 миллион этникалық қазақ тұрақты қоныс аударғысы келеді. Солай бола тұра соңғы 8 жылда қандастар легі жылына небары 10 мың адамды ғана қамтыған», — деді Мұрат Бақтиярұлы.

Сенатор халық санын арттыру үшін шетелдегі қандастарды қолдау бағдарламасын, яғни репатрианттарды әлеуметтік-экономикалық қолдаудың кешенді шараларын қамтыған арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдау қажет деп санайды.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар министрлер мен әкімдерге қарсы петиция бере алмайды

Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар Қазақстандағы петиция институтын реттейтін заңды мақұлдап, қандай мәселелер бойынша петиция беруге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бүгін сенаттың жалпы отырысында...

«Шекара» спектаклі туралы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық драма театрымен бірге ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшілерінің жауынгерлік қызметі туралы "Шекара" атты спектакль...

Жетісу облысында нәрестені ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Жетісу облысында әйелімен ұрсысып қалған ер адам 8 айлық нәрестені тартып алып, жасырын жерде ұстап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   Тәртіп бұзушы ұсталды. Ал...

Елімізде қандай салық түрі қысқарады: Қаржы министрінің жауабы

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгін мәжіліс кулуарында президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанда қандай салықтарды қысқарту жоспарланып жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Журналистер министрден елде қашан...

Қазақстанда шомылу маусымы аяқталды: 3 айда 200-ге тарта адам суға кетті

Елімізде 31 тамызда суға түсу маусымы аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жаз мезгілінде ведомствоның құтқарушылары судан 136 адамды құтқарды, оның 51-і –...

Джокович жаңа рекорд орнатты

Әлемдік рейтингте 2-орынла тұрған сербиялық теннисші Новак Джокович ерекше жетістікке жетті, деп хабарлайды BasSport.kz. Джокович 47-ші рет "Үлкен Дулыға" турнирінің жартылай финалына шықты. Осылайша ол карьерасын...

Маңғыстау облысында мектеп тапшылығы мәселесі шешілмей келеді

Маңғыстау облысы республикада туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр, деп жазады inbusiness.kz. Соның әсерінен жыл сайын бірінші сынып оқушыларының саны артып келеді. Жаңа мектептердің құрылысы...