Басты бет Оқиға Жол-көлік оқиғасы 3 адам қаза тапты: Нұр-Сұлтанда қайғылы жол апаты орын алды

3 адам қаза тапты: Нұр-Сұлтанда қайғылы жол апаты орын алды

Елордада жантүршігерлік жол апаты орын алды. Соның салдарынан үш адам қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайғылы жағдай туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, оқиға 24 қарашада таңғы 06.45-те орын алды.

«Қабанбай батыр даңғылы бойында болған жол апаты фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Алдын ала мәлімет бойынша, «ВАЗ-21099» маркалы көліктің жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылымен Мәңгілік ел даңғылына қарай келе жатып, қарсы бетке шығып кеткен. Салдарынан «Toyota Camry»-мен соқтығысқан», — деп мәлім етті полиция.

Алдын ала мәлімет бойынша, «ВАЗ-21099» көлігінің 19 жастағы жүргізушісі мен оның 22 және 36 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Сондай-ақ ауруханаға осы көлікте болған тағы бір адам мен «Toyota Camry» жүргізушісі жеткізілген.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті соңғы үш күнде елордада 800-ге жуық жол ережесін бұзған оқиғалар тіркелді.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...