Елордада 8-қабаттан құлай жаздаған 3 жасар қызды құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев және Сағи Жылқышиев өздерін сол сәтте видеоға түсірген келіншекке алғыс айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Батыр атанған азаматтар ризашылығын Сәбит Шонтақбаевтың Instagram желісіндегі парақшасы арқылы білдірген.
«Біз сол күні видеоға кім түсіргенін білдік, бірақ мүмкіндік болмады. Біздің қуанышымызға себепкер болғаныңыз үшін алғыс айтамыз. Балаларыңыз аман болсын! Әрқашан осындай қуанышта жүре берейік, сізге алғысымыз шексіз! Біз хабарласпады деп ренжімеңіз», — дейді Сағи Жылқышиев.
Айта кетейік, бұған дейін Сәбит пен Сағиға 8-қабаттан құлап кете жаздаған бүлдіршіннің анасы да алғыс айтқан болатын. 3 жасар қыздың анасы телеарналардың біріне сұхбат беріп, көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап берген еді.
Еске салсақ, 11 мамыр күні елордадағы Қамал тұрғын үй кешенінің 8-қабатында салбырап тұрған кішкентай қызды астанаға жұмыс істеуге келген қызылордалық жігіттер құтқарып қалған болатын.
Олардың ерлігі еленіп, пәтер беріліп, сондай-ақ Сәбит пен Сағи «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Автор: Эльмира Асқарқызы
Оқи отырыңыз:
- «Темір таяқпен зорлаған»: БҚО-да тік ішегі жыртылған 39 жастағы әйел ауыр халде емханаға түсті
- Жоғары сынып оқушылары 10 жастағы баланы зорлағаны үшін айыпталды
- «Ф.Д. Рузвельт, Дэн Сяопин, У. Черчилльді идеал тұтады»: Қасым-Жомарт Тоқаев туралы қызықты деректер