Басты бет Қоғам 42 500 теңге алғандарға кредит берілмей ме – қаржы министрлігі жауап берді

42 500 теңге алғандарға кредит берілмей ме – қаржы министрлігі жауап берді

Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов 42 500 теңгені алғаннан кейін банктерден кредит ала алмай жүрген қазақстандықтарға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қабылдаған нормативтік-құқықтық актіге сәйкес, 42 500 теңгенің төлемдері мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленді және адамның кредиттік тарихын бұзуға негіз бола алмайды. Сондықтан банк осы себепке байланысты кредит беруден бас тартса, кез келген адам құзіретті органға шағым түсіре алады», — деді Шолпанқұлов бүгінгі онлайн брифингте.

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға 42 500 теңгеден берілген болатын. Сол кезде 8 миллионнан астам адам өтініш жолдаған. Олардың ішінде 4 миллион 607 мың адам төлемді алды. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан барлығы 322 миллиард теңге бөлінген болатын.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, қордың қаржылық мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан екі апталық карантин кезінде 42 500 теңгені төлеу жоспары жоқ.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

«Мемлекет үшін халықтың несиесін жабу онша қиын шаруа емес» — қоғам белсендісі

Алматы қаласында өткен елдің несиесін кешіру туралы бейбіт шеруден кейін билік тарапы сәл жұмсарғандай рай таныта бастады. Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров қазақстандықтардың несиесін кешіру...

Оралда жемқорларға жиіркенішпен қарау акциясы өткізілді (видео)

Орал тұрғындарына жемқорды сабауға мүмкіндік берілді. Жұрт та қарап қалмай, парақорды таяқтың астына алып, кейбірі тіпті тұмсығын бұза жаздады, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Бұл өңірдегі...

Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі судьяға қатысты тергеудің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, бір судья Алматы облысының Ұйғыр ауданында ұсталды....

«Ұлттық арнаны Тұрсынбек Қабатов билеп отыр» — журналист

Журналист Ербол Мәндібек өзінің Facebook әлеуметтік желісінде Ұлттық арнаның саясатын сынап тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Ол жазбасында аталмыш арнаның рейтинг...

Денсаулық министрлігі пневмония жағдайының неге күрт өсіп шыға келгенін түсіндірді

Денсаулық сақтау министрлігі пневмония жағдайының неге күрт өскенін түсіндірді. Бұл бір мезетте 2 апта деректерінің базаға түсірілуімен байланысты болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz. Қазақстанда коронавирус...

Мәжіліс сайлауы өтетін күнді кім және қалай белгілейді

Елде парламенттік сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы мәселе Қазақстан Конституциясында көрсетілген, деп жазады Sputnik Қазақстан. Конституцияның 49-бабының екінші тармағына сәйкес, парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы...

Нұр-Сұлтанда елдің шотындағы ақшаны білдіртпей ұрлайтын банк менеджері сотталды

Нұр-Сұлтанда банк менеджері клиенттердің есепшоттарынан үлкен соманы шешіп алған, деп хабарлайды zakon.kz. Полиция департаменті банк клиенттерінің есепшоттарынан ақшаның ұрлану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын...