Басты бет Қоғам 42 500 теңге. Алматыда үш жүзге жуық адамның өтініші қабылданбады

42 500 теңге. Алматыда үш жүзге жуық адамның өтініші қабылданбады

Алматы қаласында 42 500 теңге көлемінде төлем алуға өтініш берген 270 адамға төлемақы тағайындалмады. Бұл туралы Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«42 500 теңге төлем алуға өтініш берген 270 алматылыққа жәрдемақы тағайындалған жоқ. Өтінім бергендердің бірінші ағымы байланыс деректерін, ЖСН мен қаражат түсетін шот нөмірін қате көрсеткен. Біз оларды толық толтыру үшін қайта жібердік, ол азаматтарға хабарлама жіберілді», — деп мәлімдеді Шимашева.

Оның айтуынша, өтініш берушілер қайтадан өтініш беруге құқылы.

«Егер сізге жәрдемақы тағайындалғаны туралы хабарлама келсе, онда қаражат үш күн ішінде шотқа түседі», — деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ, Шимашева Алматыда 14 036 жұмыссыз азаматтың тіркелгенін айтты. 19 наурыз – 7 сәуір аралығында қалада жұмыспен қамту орталығына 1 755 адам есепке тұрды.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Баға бақылауда болуы тиіс

Жамбыл облысы әкімінің төрағалығымен өткен кезекті жиында азық-түлік тауарларының бағасы сөз болды. Базарда бағаның күн сайын құбылып тұрғанынан аймақ басшысының өзі хабардар. Сондықтан Нұржан...

Нұр-Сұлтанда әйелді тонап кеткен сәт видеоға түсіп қалды

Нұр-Сұлтанда супермакеттің алдында отырған әйелді тонап кетті. Қылмыс видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. Бейнежазбада ер адам әйелдің жеке...

Қазақстан гендерлік теңдік рейтингінде өз көрсеткішін жақсартты

Дүниежүзілік экономикалық форумның "Жаһандық гендерлік алшақтық 2022" баяндамасының деректері бойынша Қазақстан гендерлік теңдік бойынша өз көрсеткішін жақсартты және жаһандық рейтингте 80-орыннан 65-орынға дейін көтерілді,...

Өндіріс бар жерде экономика тұраламайды

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленді. Мақсаты – кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, ынталандыру, тығырықтан...

«30 жасқа дейін тұрмысқа шығуға рұқсат бермес едім»: Құралай Анарбекова аруларға өз кеңесін айтты

Отандық танымал актриса Құралай Анарбекова жас аруларға өз әпкелік кеңесін беріп, оларды тұрмысқа шығуға асықпауға шақырды. Өнер иесінің сөзінше, бойжеткендер отбасын құрмас бұрын жоғары...

«Басқаға тәуелді болады»: Сарапшылар TikTok-тың бала психологиясын бұзатынын айтып, дабыл қақты

TikTok-қа тоқтау болмай тұр. Онда жартылай жалаңаш қыздар камера алдында билеп, жігіттер ерсі қылықтарымен елдің есін шығарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап. Ал...

Ток соққан адам аман қалды

Медицина саласындағы ең негізгі, әрі аса қажетті көмектің бірі – жедел жәрдем қызметі. Аты да айтып тұрғандай, тұрғындар алғашқы көмекке зәру болғанда жедел ғана...