Әлеуметтік төлем тағайындаған кезде, бір отбасынан неше адамнан өтініш түскені есепке алынбайды және бастысы олар 42 500 теңге алуға құқылы азаматтардың санатына жатса болғаны. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Біз адам санына қарамаймыз. Егер бір отбасынан үш-төрт адам төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылып қалып, өтініш берсе, бәріне бірдей төленеді. Ең бастысы, біздің талаптарға сай келсе болды», – деді Нұрымбетов онлайн брифингте.
Мұның алдында министр төтенше жағдайға дейін жұмыс істемеген зейнеткерлер мен жәрдемақы алатындарға әлеуметтік төлем берілмейтінін айтқан болатын.
Атаулы әлеуметтік көмек алатындар, табысынан айырылса, 42 500 теңгеге өтініш беруге құқылы.
Сонымен қатар, ең төменгі жалақы мөлшеріндегі көмек төтенше жағдайға байланысты жұмыссыз қалған студенттерге де төленеді.
Айта кетсек, әлеуметтік төлемге бір рет өтініш беру жеткілікті, ол төтенше жағдай режимі аяқталғанша төленеді. Еңбек министрлігі хабарлағандай, төтенше жағдайдың 30 сәуірге дейін ұзартылуына байланысты қазақстандықтарға төлем екінші рет беріледі.
Әлеуметтік төлемге өтінішті eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.
Оқи отырыңыз:
- Алматы қаласының бас санитар дәрігері кімдерге вирус жұқпайтынын айтты
- Президент Тоқаев 42 500 теңгеге қатысты үкіметке шұғыл тапсырма берді
- Алматыда удай мас адвокат полицейге шабуыл жасады (видео)
Фото pixabay.com сайтынан алынды
Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:
Telegram, Instagram, Twitter, Facebook
Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз