Басты бет Экономика Қаржы 42 500 теңге: министрлік әлеуметтік төлем алғандар саны көп үш өңірді атады

42 500 теңге: министрлік әлеуметтік төлем алғандар саны көп үш өңірді атады

Қазақстан төтенше жағдай енгізілуіне байланысты табысынан айырылған 4 млн 251 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Бұл жайында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлады.

«27 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 4 млн 251 мың әлеуметтік төлем тағайындалды. 3 млн 731 мың төлем бірінші айда жасалды, 520 мың төлем екінші айда тағайындалды», — делінген ақпаратта.

Ең көп өтініш Алматы облысының тұрғындарынан түскен. Жалпы саны — 1 млн 45 мың.

Түркістан облысынан – 999,5 мың өтініш, Алматы қаласынан – 896,6 мың, Нұр-Сұлтан қаласынан – 594,5 мың, Шымкент қаласынан 534,5 мың адам өтініш берген.

Соған сәйкес, өңірлер бойынша ең көп жәрдемақы Алматы облысы тұрғындарына тағайындалды. Бұл өңірдің 620,5 мың тұрғыны әлеуметтік төлем алды. Үштікке Түркістан облысы (508,5 мың) мен Алматы қаласы (412,1 мың) кірді.

Әлеуметтік төлем алуға берілген өтініш бойынша 3 млн 672 мың адамға 42 500 теңге тағайындалған жоқ.

Төлем тағайындалмауының негізгі себептері мынадай:

  • өтініш берушінің жеке деректерінің дұрыс көрсетілмеуі;
  • банк шот нөмірінің дұрыс көрсетілмеуі;
  • өтініш берушіде тұрақты жалақысының болуы (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері);
  • өтініш берушінің төтенше жағдай енгізілгенге дейін ресми жұмыс жасамаған зейнетақы мен жәрдемақы алушы болуы;
  • өтініш беруші үшін төтенше жағдай режимін енгізгенге дейін соңғы 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік аударымдардың, зейнетақы жарналарының жүргізілмеуі, БЖТ төлемеу немесе бейресми өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтініш бергенге дейін БЖТ төлемеуі;
  • өтініш берушінің қайтыс болуы немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі.

Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және  https://t.me/Help42500Bot адресі бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады. Өтініштің қаралу мәртебесін 42500.enbek.kz сайтында тексеруге болады.

Қосымша қарауды талап ететін ерекше жағдайларда азаматтар 42500@enbek.kz, 42500@gfss.kz электронды поштасына жазбаша өтініш бере алады.

Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы қағидаларға сәйкес төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда бір адамға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан айына 42 500 теңге мөлшерінде беріледі.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...